Жаңалықтар

Тестирование студентов

"Мирас"колледжінің жоспарына сәйкес 2021 жылдың 23 желтоқсанында тестілеу өткізілді.

Тестілеудің мақсаты:

  • Білім алушылардың ағымдағы білімін бақылау
  • Пән бойынша білім алушылардың теориялық білім деңгейін тексеру
  • Білім сапасын ашық түрде бағалау және колледждің білім беру қызметінің сапасына талдау жасау.

Праздничный концерт ко Дню Независимости Казахстана

2021 жылдың 15 желтоқсанында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Жұлдызды 30 күн" және тәрбие жұмысы жоспарына  сәйкес "Мирас" колледжі мекемесінде  мерекелік күн ауқымды түрде аталып өтті. Таңертең колледжге келген оқытушылар мен білім алушыларды патриоттық әндермен күтіп алып, әнұран орындалды. Мерекелік концертте білім алушылар мен ұстаздар хоры орындалып, ұлттық биі биленді. Мерекелік концерттің соңында белсенді білім алушылар мен оқытушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құтты болсын!

«Conversation club» разговорный клуб с носителями языка

12 желтоқсан 2021 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде «Педагогика және психология, гуманитарлық пәндер» ПЦК апталығының жоспарына сәйкес «Ағылшын тілі» пән оқытушылары Жаркынбек Д.К, Спасова С.Н., Досалиева С.А., Кәрімханова Б.Қ.,  Ақжол С.Ш. және колледжге арнайы шақырылған ағылшын тілінен спикер Мистер Лео  «Аударма ісі»  мамандығының 1-3 курс білім алушыларымен «Conversation club with native speakers/Разговорный клуб с носителями языка» семинар-тренинг өткізді.

Дебаты по специальности «Переводческое дело»

12 желтоқсан 2021 жылы "Мирас" колледжі мекемесінде «Педагогика және психология, гуманитарлық пәндер» ПЦК апталығының жоспарына сәйкес ағылшын тілі пәнінің оқытушылары Жаркынбек Д.К, Ақжол С.Ш «Аударма ісі» мамандығының  білімалушыларымен «Debate: Advantages and disadvantages online/offline education-Онлайн/офлайн білім берудің артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбында дебат өткізді.

«Деловая игра» по специальности «Правоведение»

2021  жылы 7 желтоқсанда  "Мирас" колледжі мекемесінде арнайы пән оқытушысы  Битанатова Н.А «Құқықтану» мамандығының білім алушыларының қатысуымен «Учебный судебный процесс по ст. 273. УК РК Заведомо ложное сообщение об акте терроризма, ст. 293. Хулиганство» тақырыбында «іскерлік ойын-сот ісі» өткізілді.

Мақсаты: қылмыстық процесс туралы білімді жалпылау, жүйелеу және кеңейту, жастар арасындағы қылмыс мәселесін зерттеу, Қылмыстық кодекстің баптарымен және қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту.

Гранд-Турнир "Я-предприниматель"

Республикалық «Мен -Кәсіпкермін» гранд-турнирінде керемет бизнес жоба дайындап, белсене қатысып, «Мирас» колледжі мекемесінің УА-192 тобының қыздары Рублева Мария, Субботовская Дарья, Мусаева Шанталь 2 орынды жеңіп алды. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым   министірлігінен ұйымдастырушылар колледж директоры Н.К.Абуеваға және арнайы пән оқытушысы У.У. Нышанбаеваға алғыс хат жолдады.

Семинар: «Предупреждение коррупции»

2021 жылдың 26 қарашасында «Мирас» колледжі мекемесінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа жағымсыз әлеуметтік құбылыс ретінде теріс көзқарасын қалыптастыру.

Семинар қызықты өтті, көптеген адамдар өздерін қалай ұстау керектігін және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында кімге жүгіну керектігін білді.

Дебаты «Патриотическое воспитание молодежи»

26.11.2021 ж. «Мирас» колледжі» мекемесінде  "30 жұлдызды күн"жоспарына сәйкес  «Жастарға патриотизімді арнайы тәрбиелеу қажет пе?» тақырыбында дебат өтті.

Пікірсайыс құрылымдық пікірталас жүйесі ретінде ежелгі Грециядан бастау алады, онда олар демократияның маңызды элементі болды. Патриотизм ұғымы көптеген пікірталастар туғызады. Студенттер арасында тілек білдірушілер көп болды. Жарайсындар! Біздің спикерлерге мақтау грамоталары мен өз мақсаттарына қол жеткізу тілектері берілді.

Посвящение в студенты

2021 жылдың 17 қарашасында «Мирас» колледжі» мекемесінде «Студенттер қатарына қабылдау»  іс-шарасы өтті.

"Мирас" колледжі студенттеріне алдағы уақытта жеңістер тілейді, өз мақсаттарына қол жеткізіп, өз қызметінде кәсіби маман болыңдар!

Конкурс дефиле "Täuelsızdık Art"

Түркістан адами әлеуетті дамыту басқармасы және "Мирас"колледжі" мекемесінің ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Täuelsızdık Art"" дефиле байқауы өтті 2021 жылдың қараша айында өтті. Байқау нәтижесі бойынша:

Грант-при - "Мирас" колледжі

  1. орын - Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі.
  2. орын - Ерғали Сарманов атындағы Гуманитарлық агроэкономикалық колледжі.
  3. орын – Мұхтар Ауезов атындағы ОҚУ колледжі.

«Үздік топтама» номинациясы- Ескі Иқан ауылындағы «Кәсіптік оқудағы көпсалалы» колледжі.

«Сәнді топтама» номинациясы- Мақтарал аграрлық колледжі.

Барлық марапат иелерін шын жүректен құттықтап, әрі қарай, көп жеңістер тілейміз!