Жаңалықтар

“Шаштараз өнері және сәндік косметика” мамандығы бойынша білім алушылардың дипломдық жобаларды қорғауы

2021 жылдың 16 ақпанында “Мирас” колледжі” мекемесінде 0506000 “Шаштараз өнері және сәндік косметика” мамандығы бойынша білім алушылардың дипломдық жобаларды қорғауы қашықтықтан ZOOM платформасында өтті.

Білім алушылар мамандық бойынша алған білімдерін көрсете отырып, өндірістегі жұмыс тәжірибесін теориямен ұштастыра білді.

Қорғалған жұмыстар комиссия төрағасы мен мүшелері тарапынан жоғары бағаланды.

"Қайырымдылық - игі іс" қайырымдылық акциясы

2021 жылдың 11 ақпанында "Қайырымдылық - игі іс" қайырымдылық акциясы аясында "Мирас "колледжі" мекемесінің құрылтайшысы Пи-202 тобының студенті Позднякова Аделинаға смартфон сыйлады.

Адамның ішкі әлемінде мейірімділік-бұл күн сәулесі.

Әдістемелік кеңес

2021 жылдың 5 ақпаны күні "Мирас" колледжі" мекемесінде 2020-2021 оқу оқу жылындағы әдістемелік кеңесінің жоспарына сәйкес кезекті әдістемелік кеңес өтті.

Конкурс «15 игі іс!»

"Мирас" колледжі" мекемесінің 1-4 курс білім алушылары арасында "15 игі іс!" байқауы өткен болатын.

Байқаудың мақсаты-студенттердің өмір сүру сапасын арттыратын және ерікті (волонтерлік) қызметке тартылған студенттер санының өсуіне ықпал ететін ерікті (волонтерлік) бастамалардың тұрақты дамуы үшін жағдай жасау.

"Қысқы сиқыр" байқауы

2020 жылдың 20-28 желтоқсан аралығында "Мирас" колледжі "мекемесінің 1-4 курс білім алушылары арасында қашықтықтан (онлайн) "Қысқы сиқыр" байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты-білім алушыларда берілген тақырыпта қолдан жасалған бұйымдарды орындау барысында шығармашылық белсенділікті және креативті ойлау қабілеттерін дамыту.

"2D ойындарын құрастыру" атты шебер сыныбы

2020 жылдың 25 қарашасында «Мирас» колледжінің 15 жылдығына орай "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығының ұйымдастыруымен "2D ойындарын құрастыру" атты шебер сыныбы өткізілді.

Шебер сыныпта ойын Python бағдарламалау тілінде жасалды, pygame ойын жасау кітапханасы негізінде өткізілді.

Қолдан жасалған қуыршақ театры

2020 жылдың 23  қарашасында "Мирас” колледжінің  15 жылдығына орай “Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту " мамандығы қолдан жасалған қуыршақ театрын көрсетті

Спектакльдерге қатысу баланың рухани-эмоционалды құндылықтарын дамытады

Қуыршақ кейіпкерлері балалар ой-өрісін достыққа, жауапкершілікке, мейірімділікке, батылдыққа,еңбексүйгіштікке бағыттайды.

«Абай оқулары» атты әдеби кеші

2020 жылдың 21 қарашасында «Мирас колледжіне - 15 жыл» мерейтойының бағдарламасы аясында «Абай оқулары» атты әдеби кеш өтті!

Іс-шара өскелең ұрпаққа тағылым ретінде Ұлы ақынның мұрасын жастардың санасына сіңіру мақсатында ұйымдастырлып өткізілді.