Жаңалықтар

«Забирай только воспоминания, оставляй только следы» фестивалі

2020 жыдың 20 қарашасында “Мирас” колледжінің 15 жылдық мерейтойын тойлау барысында Сайрам Өгем МҰТ паркінде “Забирай только воспоминания, оставляй только следы” фестивалі өтті.

Фестиваль танымдық сипатта өткізілді және еліміздің барлық аумағындағы мамандар үшін өзекті, жалпы мәдени және кәсіби құзыреттілік ретінде "Гид-экскурсовод" құзыреттілігін тұтас түсінуді қалыптастыруға бағытталды.

«Мирас зияткерлері» спорттық турнирі

2020 жылдың 20 қарашасында «Мирас зияткерлері» спорттық турнирі өтті

Турнирдің мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, студенттер мен оқытушылардың денсаулығын нығайту, оларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.

«Жасанды шаштан шашқа арналған әшекей бұйымдар жасау» тақырыбындағы онлайн шебер сынып

2020 жылдың 20 қараша күні Түркістан облысы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында «Шаштараз өнері және сәндік косметика» құзыреттілігі бойынша «Жасанды шаштан шашқа арналған әшекей бұйымдар жасау» тақырыбындағы онлайн шебер сынып «Мирас» колледжі» базасында өтті.

«WorldSkills чемпионатына қатысушыларды дайындау әдістері» тақырыбында шеберлік сынып

2020 жылдың 19 қарашасында Колледждің 15 жылдық мерейтойына жоспарланған іс-шаралар негізінде және оқу мекемелері арасында тәжірибе алмасу мақсатында «WorldSkills чемпионатына қатысушыларды дайындау әдістері» тақырыбында шеберлік сынып өткізді.

Бүгінгі күні жаңа технологияларды, әдістерді тез игерудің және кәсіби шеберлікті арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі - бұл шебер-сынып.

Абай гримі бойынша жұмыс

2020 жылдың 19 қарашасында Абай гримі бойынша жұмыс жүргізілді.

Абай Құнанбайұлы - қазақ ақыны, композитор, ағартушы, ойшыл, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның бірінші классигі.

"Шаштараз өнері және сәндік косметика" мамандығы - жоғары сұранысқа ие және креативті жұмыс. Маман иесі әрқашан заманауи сән тенденцияларынан хабардар болу керек, үнемі өзгеріске, өзін-өзі шыңдауға ұмтылу қажет.

«Мирас» колледжі» мекемесі білім алушыларының бейне-құттықтауы

2020 жылдың 18 қарашасында колледж білім алушылары «Мирас» колледжі» мекемесінің 15 жылдығына орай, бейне құттықтауы ұсынды.

Түрлі ұлт студенттері өз туған тілдерінде білдірген ізгі ниеттерін жолдайды.

”Мирас” колледжі - ұлттар достығы өнеге, халықтар достығы үлгі болған орын.

Постижер бұйымдарын жасау бойынша шебер сынып

2020 жылдың 18 қарашасында "Шаштараз өнері және сәндік косметика" мамандығы онлайн режимде жасанды шаштан жасалған шиньоннан постижер бұйымдарын жасау бойынша шебер сынып өтті.

Шиньон-бейнені өзгертуге, шоу бағдарламаларында, подиумда шашты өзгертуге арналған маңызды өнімдердің бірі.

«Күзгі хризантемалардың кереметі» атты топтама

2020 жылдың 18 қарашасында «Мирас» колледжінің 15 жылдығына орай «Киімдерді үлгілеу және құрастыру» мамандығы бойынша колледж студенттері жасаған «Күзгі хризантемалардың кереметі» атты үздік топтамалардың бірі көрсетілді.

Күз-бұл шығармашылық әлеуетті ашуға, әдемі көйлек, "Шаштараз өнері және сәндік косметика" мамандығы ұсынған шаш үлгісі және make-up арқылы күзгі түстерді көрсетуге тамаша уақыт.

«Тырнақ» саласындағы жаңашылдық тақырыбындағы онлайн дөңгелек үстел

2020 жылдың 12 қараша  күні «Шаштараз өнері және сәндік косметика» құзыреттілік орталығы «Мирас»  колледжі ұйымдастыруымен облыстық әдістемелік орталық қызметкерлері, колледж әдіскерлері, «Мирас» колледжі директоры, әдіскерлері, арнайы пән оқытушылары, Кентау қаласының №7 колледжінің арнайы пән оқытушылары, Парасат колледжінің арнайы пән оқытушысы, Сайрам ауданының «Оқу – өндірістік комбинат» КММ қызметкерлері және әлеуметтік серіктестер: Нейл-стилист салон «Пэрис» Беспалова Любовь Викторовна, нейл-стилист, моно-студия «Территория профессионалов» Маковская Виктория Сергеевна, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының (бұдан әрі-ТжКБ) «Шаштараз өнері және сәндік косметика» құзыреттілігі бойынша «Тырнақ» саласындағы жаңашылдық тақырыбындағы онлайн дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.