23.02.2024 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде білім алушылармен «Отбасы-отанның іргесі» тақырыбында кездесу өткізілді. Мақсаты - жастарға салт-дәстүр құндылығын және отбасы мүшелерінің арасында дұрыс қарым-қатынасты қалыптастыру. Кездесуге Шымкент қаласы Тұран ауданы Ардагерлер кеңесінің орынбасары Бердіходжаева Сауле, Ардагерлер кеңесінің мүшесі Битанұлы Сенбек және “Асыл әжелер” тобының мүшелері және Абай ауданының жастарымен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Құдайберген Гүлбибі Камалбекқызы қатысты. Кездесуде отбасы құндылықтарын дәріптеу мен оның құнына жете білу жөнінде салихалы әңгіме өрбіп, жастарды ел мен жерді сүюдің құны отбасынан басталатындығы айтылды.