«Балалардың құқықтары мен міндеттері» және «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбы аясында кездесу өтті

28.02.2024 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен  «Балалардың құқықтары мен міндеттері» және «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге: Шымкент қаласы Әділет департаментінің атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі бөлімі-филиалының басшысы, аға сот орындаушысы Мейрам Мұхтаров және Тұран ауданы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға лейтенант Амина Егізбаевна қатысты.

 

Кездесу барысында білім алушыларға Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары және міндеттері туралы заң аясында ақпараттар берілді. Сонымен қатар осы құқықбұзушылық болған жағдайда қолданылатын  жаза түрлері де таныстырылды. Кездесу барысында жастарға қазіргі қоғамның басты дерті осы сыбайлас жемқорлық және оған қарсы күрес екені жөнінде айтып өтіп арнайы бейнероликтер көрсетілді.