21-наурыз – Ынтымақ күніне орай «Қош келдің Наурыз!» концерттік іс-шара ұйымдастырылды. Жалпы халық арасында бір-біріне деген сый-құрметті арттырып, татулық пен бірлікті насихаттау. Күллі шығыс жұртына ортақ мереке - Наурыздың тарихы тым тереңде жатыр. Күн мен түн теңелетін, ырысы мол мереке біздің жан - дүниемізді шуаққа бөлейді, ой - ниетімізді таза арнаға бұрады. Бұл кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесі.
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!