20-наурыз-Ұлттық спорт күніне орай «Мирас» колледжі мекемесінде білім алушылар арасында түрлі спорттық ойындар ұйымдастырылды.
Ұлттық спорт түрлері мәдени мұраны сақтауға, жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін күшейтуге ықпал етеді. Бұл мереке біз үшін бірліктің символына айналып, әр азаматтың өз елі үшін мақтанып, адами-рухани қасиеттерді дамытуына мүмкіндік береді. Дәстүрлі спорт түрлері өмір сүру салты, адам өмірі, еңбегі, ұлттық негіздер, ар-намыс, қадір-қасиет, батылдық, күш-қайрат, ептілік, төзімділік және жылдамдық сияқты қадір-қасиеттерді бейнелейді.