Нашақорлық қауіпті індет-алдын алу міндет!

28.03.2024 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде білім алушылармен «Нашақорлық қауіпті індет-алдын алу міндет!» тақырыбында кездесу өтті. Нашақорлық - бұл адамзат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнген қатер. Сондықтан бұл індетпен күресу біздің міндетіміз.

 

Іс-шараға қатысқан мамандар:

  • Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі - Манабаева Балжан Хамидуллаевна
  • Шымкент қаласы Психикалық денсаулық сақтау орталығының нарколог дәрігері- Арынтаева Бағила
  • Бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы ,Әлем кубогының 2-дүркін чемпионы, Әлем чемпионы - Алжанов Бексултан Бегжанович.