Жаңалықтар

Жаңалықтар

«Birgemiz:TazaAlem» жалпыұлттық жобасына байланысты тал отырғызу

2020 жылы 14 қараша күні  өткен «Birgemiz:TazaAlem» жалпыұлттық жобасы аясындағы «Эко-сана» сенбілік акциясы аясында А.Асқаров атындағы дендросаябағы ішіне тал егілді. «Мирас» университетінің еріктілері акцияға қолдау көрсетіп, тал отырғызды.

Мақсаты: экологиялық білімді арттыру; қоршаған ортаны аялау; қала тұрғындарын абаттандыру ісіне белсене қатысуға шақыру; салауатты өмір салтын және ерік жігерді арттыру.

Нәтижесі: «Мирас» университетінің еріктілері  ағаш отырғызды.

«Шымкент 2020–ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы іс-шарасының салтанатты жабылу рәсіміне қатысу

2020 жылғы 21–22 қараша күндері сағат 12:00–де «Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Шымкент 2020–ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы іс-шарасының салтанатты жабылуы рәсіміне орай, «Шымкент қалашығы» (Цитадель) обьектісінде және Арбат демалыс орнында іс-шаралар ұйымдастырылды. ОҚО орыс драма театрының талантты актерлерінің қойылымы; Сайрам ауданының драма театрының актерлері, балалардың көңілін көтеретін сайқымазақтар жәнеде көптеген қойылымдар болды. Іс-шараға Мирас университетінен белсенді студентттері қатысты.

«Jas Otan» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалың III конференциясына қатысу

27.11.2020 жылы сағат 11:30 «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Jas Otan»  Жастар Қанаты Шымкент қалалық филиалың III конференциясы өтті. Конференцияны «Jas Otan»  Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының төрағасы М. Исахов жүргізді және делегаттар қатарына «Мирас» университетінің жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы мен «Мирас» Университетінің «Jas Otan» ЖҚ клубының жетекшісі қатысты.

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» акция аясында «Азаматтардың мүдделерін қорғайтын әділ мемлекет» тақырыбында кездесу

19.11.2020 сағат 15:00-де «Мирас» университетінде «Саналы Ұрпақ» клубының ұйымдастыруымен «Адалдық сағаты» жобасы аясында «Азаматтардың мүдделерін қорғайтын әділ мемлекет» тақырыбында «Nur Otan» партиясы партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының өкілі Абай Сырлыбайұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында студенттер  сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтар және жаза түрлеріне байланысты сұрақтар қойып, белсенді қатысты.

«Еңсесі биік – Еліміздің болашақ жастары, Елбасымен бірге» тақырыбында семинар

25.11.2020ж сағат 13:00 «Еңсесі биік – Еліміздің болашақ жастары, Елбасымен бірге» тақырыбында Zoom форматында семинар өткізілді. Жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері ұйымдастырған іс-шараға университеттің студенттері белсенділері қатысып, студенттеріміз «Еңсесі биік еліміздің болашақ жастары, Елбасымен бірге» тақырыбы бойынша өз пікірлерін білдіріп ойларымен бөлісті.

Студенттерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беріліп, болашақ жастарға Елбасының ел үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ету, өз Отанын, халқын сүйетін азаматы болуына, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу бойынша мәселелер айтылды.

«Ашық жүрек» жобасы аясында «Қазақстан Еріктілер Лигасының» Волонтерлық арнау кешіне қатысу

10 қараша күні Еріктілер лигасы ұйымының ұйымдастыруымен Жастар ресурстық орталығында «Қазақстан Еріктілер Лигасының» Шымкент қаласы филиалының еріктілерінің «Ашық жүрек»  жобасы аясында арнау кеші өтті. Арнау кешіне Мирас унверситетінің еріктілері қатысты.

Кеш қонақтары ретінде:

Қарғабай Астана-«Х Factor» жеңімпазы;

Justiseqoo & Esteqalar дуэті;

Nurasyl – жас әнші және басқа өнерпаздар қатысты.

«Тәуелсіздіктің жеті қыры» циклінің «Өмір жолдары» деректі фильм тақырыбына тәлімгерлік сағат

25.11.2020 сағ 18-30 ZOOM форматында «Мирас» университетінің ЭК-811p1, MN-811p1 топтарының студенттерімен «Тәуелсіздіктің жеті қыры» циклінің «Өмір жолдары» деректі фильмі тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Куратор Есболова А.Е. ЭК-811r1, MN-811r топтарымен бірге фильмді көргеннен кейін,  Қазақстан халқы 1 желтоқсан  Тұңғыш Президент күнін атап өтетіндігін айтты.

Іс-шараның мақсаты - Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет және саясаткер ретіндегі қызметі мысалында патриотизмді қалыптастыру.

Деректі фильм тақырыбына тәлімгерлік сағат «Тәуелсіздіктің жеті қыры» циклінің «Бір ел, бір тағдыр»

05.12.2020 сағат: 17-00 ZOOM форматында «Мирас» университетінің УА-711к-1, УА-711к-2, УА-711р-1 топтарының студенттерімен тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес «Тәуелсіздіктің жеті қыры» циклінің «Болашаққа бастар жол» деректі фильмінің тақырыбы бойынша тәлімгерлік сағат өткізілді.

Тәлімгер Кененбаева З.М. УА-711к-1, УА-711к-2, УА-711р-1 топ студенттерімен бірге деректі фильмді тамашалағаннан  кейін Қазақстанда 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күнін атап өтетіні туралы айтты.

«Бір халық - бір тағдыр» атты документальды фильмін талқылау

19.11.2020 жылы «Мирас» университеті Шет тілдер секторының магистр, аға оқытушысы Мамадалиева Ю. А. «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 1 және 4 курс студенттерімен бірге жоспарға сәйкес 1 желтоқсан тұңғыш президент күніне бағыштап «Бір халық- бір тағдыр» документальды фильмін қарап, талқылау жүргізді. Фильмді талқылау онлайн форматта өтті. Мамадалиева Ю. А. «Бір халық - бір тағдыр» документальды фильмінің негізгі мазмұнын ашып, Елбасы, Тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан үшін қосқан үлесін және жасаған еңбектерін айтып берді. Студенттер белсене қатысып, фильм туралы өз ойларын білдірді. 

Жаңалықтар

08.12.2021 ж.сағат 11-00-де Шымкент қаласы Дін істері басқармасының теологының қатысуымен "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және дін тұрғысынан адалдық, парасаттылық қағидаттарын ...
22.11.2021 жыл «Мирас» университетінің көркем еңбек және дизайн секторының аға оқутышысы Атемов У. Т. 107-91,107-11 топтарына «Шебердің қолы ортақ»  тақырыбында шебер   сынып өткізді. Іс-шараның ...
24 қарашада "Мирас" университетінің базасында студенттердің Кәсіпкер және rabbit кибер-кафесінің негізін қалаушы Алиджон Алишеровичпен TED-x кездесуі өтті. Шақырылған қонақ студенттерге кәсіпкерлік ...
10.11.2021 жылы «Мирас» университетінің «Компьютерлік технологиялар және бағдарламалау» секторының оқытушысы Дәліхан Ж.О.  оффлайн режимде 111-01 тобымен  «Әлеуметтік желілердің жастардың санасына ...
2021 жылдың 15 қарашасында "Құқық және кеден ісі" бағытының бірінші курс студенттеріне, з.ғ. к., аға оқытушы Утаров К.А. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және алдын алу мақсатында ...
16.11.2021 жылы Алтаева М.О. магистр, аға оқытушы "азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты-басты басымдық "тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс 204 ауд. "Мирас" университетінің ғимаратында өтті. Іс-шара ...
2021 жылдың 16 қараша айында заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Утаров К.А. пен заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Имашев Б.Е. жоспарға сәйкес онлайн режимінде Мирас университеті «Құқық: ...
16.11. 2021 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Майра Есенбекқызы Калмурзаевамен "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексі" тақырыбындағы жаңа кодекске ...