2020 жылғы 21–22 қараша күндері сағат 12:00–де «Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Шымкент 2020–ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы іс-шарасының салтанатты жабылуы рәсіміне орай, «Шымкент қалашығы» (Цитадель) обьектісінде және Арбат демалыс орнында іс-шаралар ұйымдастырылды. ОҚО орыс драма театрының талантты актерлерінің қойылымы; Сайрам ауданының драма театрының актерлері, балалардың көңілін көтеретін сайқымазақтар жәнеде көптеген қойылымдар болды. Іс-шараға Мирас университетінен белсенді студентттері қатысты.