29 наурыз 2021жылы құқық секторының з.ғ.к., аға оқытушысы Имашев Б.Е. онлайн режимде «Мирас» университетінің «ІТ және телекоммуникациялар» мамандығының студенттеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін құқықтық жауапкершілік»тақырыбында дәріс оқыды.
Жаңалықтар
Университет студенттерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша маманмен кездесуі
18.03.2021 жылы «Мирас» университеті «Sanaly Urpaq» клубы мүшелерімен «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Қамбар Жани Сайдуллаұлы арасында академиялық адалдықты қалыптастыру мақсатында онлайн кездесу өтті. Кездесу барысында Қамбар Жани Сайдуллаұлы «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің атқаратын қызметімен және мақсаттарымен таныстырды. Сондай-ақ студенттермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар бойынша талқылау жасалды. Студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша сұрақтар қойып, белсенділік танытты.
«Армысың Әз-Наурыз! Наурыз мерекесіне арналған ашық тақырыптық сағат
19 наурыз 2021 жылы «Мирас» университетінің химия, биология, дене тәрбиесі және спорт секторының оқытушысы Қуанышова С.Е. онлайн режимінде ХБ-911р1 тобының 2 курс студенттерімен «Армысың Әз-Наурыз! Наурыз мерекесіне арналған ашық тақырыптық сағат өткізді.
Іс-шараның мақсаты: студенттердің Ұлыстың ұлы күні — қазақстандықтардың ерекше қастерлі мерекесі екенін біліп, олардың туыстарын, достарын, таныстары мен әріптестерін Наурыз мерекесімен құттықтау.
Студенттер «Наурыз» мерекесінің мазмұны мен тарихымен және халықтың дәстүрлерімен танысты.
«Туберкулездің алдын алу» тақырыбында дәрігер-фтизиатормен кездесу
18.03.2021 жылы университеттің денсаулық сақтау пунктінің меңгерушісі Бывалец В.Н. ұйымдастыруымен «Мирас» университетінің студенттері мен «Даумед» медициналық орталығының дәрігер-фтизиаторы Ашимов Р.З. арасында «Туберкулездің алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.
Мақсаты: Туберкулез сияқты аурудың пайда болуын, қоғамға, адамға осы аурудың зардабын түсіндіру.
Кездесу барысында дәрігер-фтизиатор студенттерге туберкулез ауруының пайда болуы және жұғу жолдары туралы слайд көрсетті. Сонымен қатар бұл аурудың алдын алу және сақтану ережелерін түсіндіріп өтті.
Студенттер белсенді қатысып, сұрақтар қойылды.
«Этномәдени бірлестіктердің жас көшбасшыларының тұлғасын қалыптастыру» тақырыбында дәріс
10.03.2021 жылы студенттердің 1 курс кураторы магистр, аға оқытушы Саниева З.Р. тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес «Этномәдени бірлестіктердің жас көшбасшыларының тұлғасын қалыптастыру» тақырыбында дәріс өткізді.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл»
15.03.2021ж сағат 12:00 Мирас университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» тақырыбында kahoot интеллектуалдық ойыны өтті.
«Цифрландыру жүйесіндегі білім беру» тақырыбында дөңгелек үстел
10.03.2021 жылы құқық секторы аға оқытушысы Оразымбетова З.Ш. «Мирас» университетінің бірінші курс студенттерімен оффлайн режимде «Цифрландыру жүйесіндегі білім беру» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды.
«Көптілділік – көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың негізі» тақырыбында әңгімелесу
12.03.2021 жылы ІТ және телекоммуникациялар секторының магистр, оқытушысы Ешмағамбетова С.М. жоспарға сәйкес «Көптілділік – көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың негізі» тақырыбында әңгімелесу өткізді. Әңгімелесу РЭТ-2011к-1, РЭТ-2012к-1 тобына арналған, онлайн форматта өтті.
Патриоттық акт – «Мәңгілік ел» тақырыбында дәріс
15 наурыз 2021 жылы қазақ тілі және әдебиет секторының аға оқытушысы Тажибаева Ж. Ш. КЛ - 811к1 тобының студенттеріне онлайн режимінде «Патриоттық акт – «Мәңгілік ел» тақырыбында дәріс оқыды