19.11.2020 жылы «Мирас» университеті Шет тілдер секторының магистр, аға оқытушысы Мамадалиева Ю. А. «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 1 және 4 курс студенттерімен бірге жоспарға сәйкес 1 желтоқсан тұңғыш президент күніне бағыштап «Бір халық- бір тағдыр» документальды фильмін қарап, талқылау жүргізді. Фильмді талқылау онлайн форматта өтті. Мамадалиева Ю. А. «Бір халық - бір тағдыр» документальды фильмінің негізгі мазмұнын ашып, Елбасы, Тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан үшін қосқан үлесін және жасаған еңбектерін айтып берді. Студенттер белсене қатысып, фильм туралы өз ойларын білдірді.