25.11.2020 сағ 18-30 ZOOM форматында «Мирас» университетінің ЭК-811p1, MN-811p1 топтарының студенттерімен «Тәуелсіздіктің жеті қыры» циклінің «Өмір жолдары» деректі фильмі тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Куратор Есболова А.Е. ЭК-811r1, MN-811r топтарымен бірге фильмді көргеннен кейін, Қазақстан халқы 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күнін атап өтетіндігін айтты.
Іс-шараның мақсаты - Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет және саясаткер ретіндегі қызметі мысалында патриотизмді қалыптастыру.
Қазақ КСР-нің экс-президенті, Қазақстан Республикасының Президенті 1990 жылғы 24 сәуірден 2019 жылғы 20 наурызға дейін болғандығы баса айтылды. Қазақстан Республикасының Президенті қызметінен кеткеннен кейін ол Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің жетекшісі және билеуші «Нұр Отан» партиясының төрағасы қызметтерін сақтап қалды, сонымен бірге Қазақстан Конституциялық Кеңесінің мүшесі болып қалды.
2010 жылдан бастап «Ұлт Көшбасшысы» ресми атағының иегері.