2020 жылдың 13 мен 15 қазан аралығында «Volunteеr is process» жобасы аясында «Мирас» университетінің еріктілері мен «Jas Otan» ЖҚ мүшелері Шымкенттегі «Jas Otan» ЖҚ қалалық филиалында жастардың еріктілік бағдарламасына қатысты.
Мақсаты: «Biz birgemiz» қозғалысының қатысушыларына негізгі 7 бағытты түсіндіру: «Saulyq», «Umit», «Bilim», «Taza alem», «Asyl mura», «Sabaqtastyq», «Qamqor». Сондай-ақ, «Арманды мақсатқа айналдыру» тақырыбында оқыту семинары, ТЖ департаменті мамандарына арналған «Еріктілер қызметінің ерекшелігі және оларды психологиялық қолдау» атты тренинг өткізілді.
Нәтижесі: Оқу семинарында волонтерлар қажетті ақпарат алды, еріктілерге өзіне деген сенімділік, жауапкершілік пен мейірімділік сезімі, күтпеген төтенше жағдайларда не істеу керектігі туралы білді.