2020 жылғы 29 қазанда қазақ тілі және әдебиеті секторының аға оқытушысы Тажибаева Ж.Ш. онлайн режимде «Абай және әлем өркениеті» тақырыбында семинар өтті, онда Тажибаева Ж.Ш. ақын мұрасының айнымас құндылығы болып табылатын Абайдың шығармашылығы туралы баяндама дайындады. Семинарда ұлы Абай Құнанбайұлының ілімдері ХХІ ғасырда болашақ адамгершілік қоғам мен оның моральдық кодексін құру мақсатында қолданылып жатқандығы айтылды.
Бұл іс-шараның мақсаты ұлы ойшылдың әлемдік өркениеттегі рөлін көрсету, Абай мұрасының қазақ руханиятындағы құндылықтарын, оның шығармаларының жастарды тәрбиелеу мен ұлттық идеологияны қалыптастырудағы рөлін қарастыру.
Семинар барысында топта ынтымақтастық, өзара көмек атмосферасы орнады және студенттер Абайдың шығармашылығы туралы өз ойлары мен болжамдарын еркін айта алды.
Нәтижесі: осы тақырып бойынша студенттер презентация дайындады, онда ақынға деген өз ойлары мен көзқарастары баяндалды, өлеңдерін жатқа оқыды.