2 желтоқсан 2020 жылы «Мирас» университетінің қазақ тілі мен әдебиеті секторының аға оқытушысы Абралиева Б.Қ. онлайн режимінде «Әл-Фарабидің 1150 жылдығы» тақырыбында КЛ-711к1 тобында ашық тақырыптық сағат өткізді.
Іс-шараның мақсаты: студенттерге Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл-Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беру.
Іс-шара барысында аға оқытушы Абралиева Б.Қ. 2020 жылы ұлы ойшыл, шығыстың Аристотелі атанған Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын республикалық деңгейде атап өтілгендігін айтып өтті.
Нәтижесі: студенттер Әл-Фарабидің мұрасы ғылымның әр түрлі саласына қатысты еңбектерден тұратындығы, сондықтан да ол – әлемдік деңгейдегі философ, ойшыл екендігі жайында сөз қозғап, пікір алмасты.