«Мен таңдаған мамандық» эссе

26.10.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде студенттер арасында «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында эссе байқауы өтті. Байқауға 1 курс студенттері қатысты.

Мақсаты: Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауға үйрету. Мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет ететін және адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бір екенін түсіндіру.

 

Міндеті:

  • Мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту;
  • Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу;
  • Еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға тәрбиелеу.