Мирас колледжі мекемесінде «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, 2024 жылы 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларына арналады. «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы елімізде 2007 жылдан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық Кітапханасы мен ҚР кітапханалар қауымдастығының бастамасымен өткізіліп келеді.
Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағытталған.
«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» инфоквест өткізілді. Іс-шарада оқырмандарға Б.Соқпақбаевтың шығармашылығы мен өмірбаянымен және «Менің атым Қожа» әңгімесінен үзіндімен таныстыру болды. Жазушының шығармашылығына деген қызығушылықты, өз еліне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Іс-шараға кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды.