Жаңалықтар

Жаңалықтар

«Жамбыл – ұлы тұлға» тақырыбында дөңгелек үстел

12 сәуір 2021 жылы онлайн режимде КЛ-811к1 тобының кураторы Тәжибаева Ж.Ш.  «Жамбыл — ұлы тұлға» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Бұл дөңгелек үстелдің мақсаты қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың қысқаша өмірбаянымен таныстыру болды.

«Компанияның ІТ инфрақұрылымы: әзірлеу, жобалау және дамыту» тақырыбында дискуссия

2021 жылдың 8 сәуірі күні ІТ және телекоммуникациялар секторының магистр, аға оқытушысы Саидхон Сайдирасулов «Компанияның ІТ инфрақұрылымы: әзірлеу, жобалау және дамыту» тақырыбында дискуссия  өткізді. Кураторлық сағатқа ПР-911к-1, ИФ-811к-1 және ИФ-711к-1 топтарының студенттері қатысты.

Студенттерге арналған «Мемлекеттік қызметте және бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында құқықтық дәріс

09.04.2021 жылы құқық секторының з.ғ.к., аға оқытушысы Утаров К. А. «Мемлекеттік қызметте және бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында «Бизнес және қаржы», «Туризм, қонақжайлылықты басқару» мамандығының 2 курс студенттеріне құқықтық дәріс оқыды. Дәріс онлайн форматта өтті.

Қош келдің – наурыз

19.03.2021ж Мирас университетінің «Добро Мирас» еріктілер клубының ұйымдастыруымен Арбат демалыс орнында «Қош келдің Наурыз» атты концерттік бағдарламасы өткізілді.

Мақсаты: Наурыз мерекесін ұлттық салт – дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. 

Нәтижесі: Еріктілер би билеп, ән салып барша Шымкент қаласының  тұрғындарын мерекесімен құттықтады.

Наурыз – басты жыл мерекесі

19.03.2021ж Мирас университетінің жастар ісі жөніндегі комитет мүшелерінің ұйымдастырумен  «Наурыз – басты мереке» атты құттықтау бейне ролигі дайындалды. Құттықтау Мирас университетінің студенттері мен мұғалімдеріне арнайы түсірілді.

Мақсаты: Бейне ролик арқылы «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру, қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

Нәтижесі: Бейне ролик әлеуметтік желіге салынды.

«Әлемнің беделді университеттері» атты тақырыпта дөңгелек үстел

25.03.2021 жылы «Мирас» университеті шет тілдері секторының магистр, аға оқытушысы Абдижаппарова Г.Т.  «Аударма ісі» мамандығының 4-курс студенттерімен бірге жоспарға сәйкес «Әлемнің беделді университеттері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел онлайн форматта өтті.

Студенттерге арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін құқықтық жауапкершілік» тақырыбында құқықтық дәріс

29 наурыз 2021жылы құқық секторының з.ғ.к., аға оқытушысы Имашев Б.Е. онлайн режимде «Мирас» университетінің «ІТ және телекоммуникациялар» мамандығының студенттеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін құқықтық жауапкершілік»тақырыбында дәріс оқыды.

Университет студенттерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша маманмен кездесуі

18.03.2021 жылы «Мирас» университеті «Sanaly Urpaq» клубы мүшелерімен «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Қамбар Жани Сайдуллаұлы арасында академиялық адалдықты қалыптастыру мақсатында онлайн кездесу өтті.  Кездесу барысында Қамбар Жани Сайдуллаұлы «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің атқаратын қызметімен және мақсаттарымен таныстырды. Сондай-ақ студенттермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар бойынша талқылау жасалды. Студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша сұрақтар қойып, белсенділік танытты.

«Армысың Әз-Наурыз! Наурыз мерекесіне арналған ашық тақырыптық сағат

19 наурыз 2021 жылы «Мирас» университетінің химия, биология, дене тәрбиесі және спорт секторының оқытушысы Қуанышова С.Е. онлайн режимінде ХБ-911р1 тобының 2 курс студенттерімен «Армысың Әз-Наурыз! Наурыз мерекесіне арналған ашық тақырыптық сағат өткізді.

Іс-шараның мақсаты: студенттердің Ұлыстың ұлы күні — қазақстандықтардың ерекше қастерлі мерекесі екенін біліп, олардың туыстарын, достарын, таныстары мен әріптестерін Наурыз мерекесімен құттықтау.

Студенттер «Наурыз» мерекесінің мазмұны мен тарихымен және халықтың дәстүрлерімен танысты.

Жаңалықтар

08.12.2021 ж.сағат 11-00-де Шымкент қаласы Дін істері басқармасының теологының қатысуымен "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және дін тұрғысынан адалдық, парасаттылық қағидаттарын ...
22.11.2021 жыл «Мирас» университетінің көркем еңбек және дизайн секторының аға оқутышысы Атемов У. Т. 107-91,107-11 топтарына «Шебердің қолы ортақ»  тақырыбында шебер   сынып өткізді. Іс-шараның ...
24 қарашада "Мирас" университетінің базасында студенттердің Кәсіпкер және rabbit кибер-кафесінің негізін қалаушы Алиджон Алишеровичпен TED-x кездесуі өтті. Шақырылған қонақ студенттерге кәсіпкерлік ...
10.11.2021 жылы «Мирас» университетінің «Компьютерлік технологиялар және бағдарламалау» секторының оқытушысы Дәліхан Ж.О.  оффлайн режимде 111-01 тобымен  «Әлеуметтік желілердің жастардың санасына ...
2021 жылдың 15 қарашасында "Құқық және кеден ісі" бағытының бірінші курс студенттеріне, з.ғ. к., аға оқытушы Утаров К.А. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және алдын алу мақсатында ...
16.11.2021 жылы Алтаева М.О. магистр, аға оқытушы "азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты-басты басымдық "тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс 204 ауд. "Мирас" университетінің ғимаратында өтті. Іс-шара ...
2021 жылдың 16 қараша айында заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Утаров К.А. пен заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Имашев Б.Е. жоспарға сәйкес онлайн режимінде Мирас университеті «Құқық: ...
16.11. 2021 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Майра Есенбекқызы Калмурзаевамен "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексі" тақырыбындағы жаңа кодекске ...