25.03.2021 жылы «Мирас» университеті шет тілдері секторының магистр, аға оқытушысы Абдижаппарова Г.Т. «Аударма ісі» мамандығының 4-курс студенттерімен бірге жоспарға сәйкес «Әлемнің беделді университеттері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел онлайн форматта өтті.
Мақсаты: Студенттерге әлем деңгейінде жоғары білім мен ғылымның маңыздылығын түсіндіру және оларды дамытуға үлесін қосуға шақыру.
Абдижаппарова Г.Т. «Әлемнің беделді университеттері» атты тәрбие сағатының негізгі мазмұнын ашып, қажетті материалдар қолданды. Студенттер белсене қатысып, өз ойларын білдірді.
Нәтижесі: Студенттер көптеген шетелдердегі университеттер жайлы көптеген жаңа материалдармен танысты.