09.04.2021 жылы құқық секторының з.ғ.к., аға оқытушысы Утаров К. А. «Мемлекеттік қызметте және бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында «Бизнес және қаржы», «Туризм, қонақжайлылықты басқару» мамандығының 2 курс студенттеріне құқықтық дәріс оқыды. Дәріс онлайн форматта өтті.
Бұл дәрістің мақсаты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы контексте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру проблемасын ұғыну, сондай-ақ студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымын қалыптастыру болып табылады.
Утаров К.А. сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және нығайту мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті.
Нәтижесі: студенттерді қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ақпаратпен таныстыру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту.
Студенттер мәселелер бойынша белсенді талқылап, сұрақтар қойды.