18.03.2021 жылы «Мирас» университеті «Sanaly Urpaq» клубы мүшелерімен «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Қамбар Жани Сайдуллаұлы арасында академиялық адалдықты қалыптастыру мақсатында онлайн кездесу өтті. Кездесу барысында Қамбар Жани Сайдуллаұлы «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің атқаратын қызметімен және мақсаттарымен таныстырды. Сондай-ақ студенттермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар бойынша талқылау жасалды. Студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша сұрақтар қойып, белсенділік танытты.