Мұрағат

Көптілділік бағдарлама

Көптілділік бағдарламасы аясында университет оқытушылары ағылшын тілін оқуға және білімін жетілдіруге мүмкіндік алды. Курс Dynamic Education International, Халықаралық компаниясымен ынтымақтастықтың арқасында ұйымдастырылды, білім берудің бірегейлігі курспен танысу барысында тыңдаушылар деңгейіне сәйкес білім беру материалдарын ала алатын бағдарлама.30-дан аса оқытушы 2 айлық курста оқып және білімін жетілдіреді. Курс соңында DynEd компаниясының бас директоры Джеффри Витни сертификаттар табыстады.

Сертификат табыстау кезінде Джеффри тыңдаушылармен ағылшын тілінде тілдесті.

Ағылшын тілі курстары

 «ТЕШ» ағылшын тілі мұғалімдерінің қауымдастығы Мирас университетімен бірлесіп:

  • барлық деңгейлердегі ағылшын тілі (айына 10 000тт)
  • IELTS/ iBT TOEFL емтихандарына дайындау (айына 13 000тт)
  • TKT емтихандарына дайындау (Cambridge Assessment English) (25000т курс) курстарына қабылдау жүргізеді

Орталық мамандары визаға сұхбат және алмасу бағдарламалары жөнінде консультациялар өткізеді

Телефон арқылы көмек: 8 705 433 51 13 (Айгуль)

8 701 817 81 95 (Татьяна)

Жазғы лагерь Access

Access бағдарламасының студенттері 20-22 маусым аралығында жазғы лагерін «Мирас» университетінің базасында өткізді. Жазғы лагер қала сыртында болмағанына қарамастан студенттер өз уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізе алды. Алғашқы күнін, Кэнди Чанг ханымның «Мен өмірден кеткенше ...» атты TED talk форматында жасаған презентациясын тамашалады. Студенттер Кэнди Чанг бастаған жобасының салдарын ортаға салып, түрлі халықтардың тілектері мен жалпы адам құндылықтарына анализ жасады. Ең қызықтысы, бұл жоба біздің елімізде Астана қаласында да өткен болатын. Соңында «Access бағдарламасы біткен соң мен...» деген ойға өздерінің пікірлерімен түйіндеді. Пікірлерді жинақтау барысында студенттердің түрлі армандары мен жоспарларын біле алдық. Олар жәй «...мен жақсылап ұйықтап аламын» дегеннен басталып «...Нью Йорк қаласында жұмыс істеймін» сияқты ойларымен аяқталды. Лагердің екінші күнінде бағдарлама студенттері «Басқа Жол» атты жобаның мүшесі Тимур Мирзахмедовпен спорт алаңында кездесу өткізді. Тимур балаларға стрит уоркауттың Шымкент қаласында пайда болу тарихын айтып, дұрыс жаттығу ережелерін және дұрыс тамақтануды  түсіндірді. Кездесу барысында Қарағанды қаласындағы мектепте волонтер болып жұмыс жасаған Джордан Бэкке түрлі терминдер мен дене мүшелерін ағылшын тілінде түсіндіріп отырды.

«Көшбасшылық дағдыларды дамыту» жастар форумы

26-ші ақпанда Туркестан қаласындағы  Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ  «Көшбасшылық дағдыларды дамыту» тақырыпта жастар форумы өтті. Осы форумға «Мирас» университетінен президент кеңесшісі, ф.ғ.к. Османова Р.А., х.ғ.к., профессор  Жаналиева Р.Н., аға оқытушы Байгушова А.Н. және 40-қа жуық студенттер қатысты.  Одан басқа, Шымкент қаласының «Назарбаев зияткерлік мектебі», М.Әуезов атындағы ОҚМУ, ОҚМПИ, Кентау қаласының «Дарын» мектебінің өкілдері қатысты. «Global Shapers Community — Қазақстан», «AIESEC Kazakhstan», «Y-PEER Kazakhstan» секілді Қазақстандағы халықаралық жастар ұйымдарының лидерлері форум спикерлері ретінде қатысты.

Қадағалау кеңесі

Қамқоршылар кеңесін құру туралы және оның құрамында қатысу бойынша өтініштерді қабылдау туралы хабарлайды. Өтініштерді жергілікті өкілетті органдардың; атқарушы және құқыққорғау органдарының өкілдері; жұмыс берушілер және әлеуметтік серіктертердің өкілдері; коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері; білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері, қайымгерлер жібере алады. 

Жаңалықтар

08.12.2021 ж.сағат 11-00-де Шымкент қаласы Дін істері басқармасының теологының қатысуымен "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және дін тұрғысынан адалдық, парасаттылық қағидаттарын ...
22.11.2021 жыл «Мирас» университетінің көркем еңбек және дизайн секторының аға оқутышысы Атемов У. Т. 107-91,107-11 топтарына «Шебердің қолы ортақ»  тақырыбында шебер   сынып өткізді. Іс-шараның ...
24 қарашада "Мирас" университетінің базасында студенттердің Кәсіпкер және rabbit кибер-кафесінің негізін қалаушы Алиджон Алишеровичпен TED-x кездесуі өтті. Шақырылған қонақ студенттерге кәсіпкерлік ...
10.11.2021 жылы «Мирас» университетінің «Компьютерлік технологиялар және бағдарламалау» секторының оқытушысы Дәліхан Ж.О.  оффлайн режимде 111-01 тобымен  «Әлеуметтік желілердің жастардың санасына ...
2021 жылдың 15 қарашасында "Құқық және кеден ісі" бағытының бірінші курс студенттеріне, з.ғ. к., аға оқытушы Утаров К.А. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және алдын алу мақсатында ...
16.11.2021 жылы Алтаева М.О. магистр, аға оқытушы "азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты-басты басымдық "тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс 204 ауд. "Мирас" университетінің ғимаратында өтті. Іс-шара ...
2021 жылдың 16 қараша айында заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Утаров К.А. пен заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Имашев Б.Е. жоспарға сәйкес онлайн режимінде Мирас университеті «Құқық: ...
16.11. 2021 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Майра Есенбекқызы Калмурзаевамен "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексі" тақырыбындағы жаңа кодекске ...