Алғыс хат

"Мұғалімдер күні» – білім беру саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ кәсіби мереке.  5 қазан- ұлағатты ұстаздар күніне орай  «Мирас» колледжі мекемесінің ұжымын Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектаевич арнайы Алғыс хатымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Осы орайда колледж директоры Абуева Нургуль Курбановна және өзін-өзі басқару ұйымы ұстаздарымызды төл мерекелерімен құттықтады.