Жаңалықтар

Диплом табыстау рәсімі

03.07.2024 жылы Мирас колледжі мекемесінде бітіруші түлектерге арналған диплом табыстау рәсімі өтілді. Салтанатты іс-шараны колледж директоры Абуева Нургуль Курбановна ашып, үздік үлгіде диплом алушы студенттерге диплом табыстады.

Ең үздік оқырман

10.06.2024 жылы Мирас колледжі мекемесінде «Ең үздік оқырман» тақырыбында іс-шара өтті. Іс-шара барысында білім алушылар өз өнерлерін көрсетіп, жылдық есеп бойынша арнайы орындармен және сыйлықтармен марапатталды.

Мақсаты:Оқырмандарды кітап оқу өнеріне, дүниетанымын кеңейтуге, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру, кітапты күтіп ұстауға үйрету.

2023-2024 оқу жылында атқарылған жұмыстардың есебі,сонымен қатар сүйікті ақын-жазушыларының бір шығармасын жеткізе орындау.

Нашақор болмаудың 100 себебі

11.06.2024 жылы Мирас колледжі мекемесінде «Нашақор болмаудың 100 себебі» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылды.

Мақсаты: Жастарды ескірткіден , нашақор болудан сақтау. Есірткілерді тұтыну психикалық және тәндік тәуелділікке, адам тұлғасының кейде азғындалуға дейін өзгеруіне, денсаулығының нашарлауына (ауруларға және асқынуларға) әкеліп соғады және өміріне қауіп төндіреді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні

03.06.2024 жылы Мирас колледжі мекемесінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне байланысты іс-шара өткізілді.

1992 жылы маусым айының 4-ші жұлдызы - Мемлекеттік рәміздер күні ретінде қабылданды. Бұл күн еліміздің мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы, Әнұраны дүниеге келген күн .

31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні!

Өткен ғасыр қазақ халықы үшін ауыр нәубет пен қасіретке толы кезең болды. Сол уақыттарда қаншама жазықсыз адам қамауға алынды, елден қуылды, түрмеге тоғытылды.

Осы орайда Мирас колледжі мекемесінің білім алушыларының рухани дамуға және отаншылдыққа баулуға, ата-бабамыздың біздер үшін жасап кеткен ерен еңбектерін еске алу мақсатында іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында білім алушылар тарихымызбен танысып, көптеген ақпараттар алды.

Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс

24.05.2024 жылы Мирас колледжі мекемесінде «Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс» атты іс-шара  және топ сағаттары өткізілді.

Іс-шараның маңызы: адамдардың және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы білімді ілгерлету және озық ойлы ұлтты қалыптастыру.

«Бір ел - бір кітап» акциясы

Мирас колледжі мекемесінде «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, 2024 жылы 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларына арналады. «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы елімізде 2007 жылдан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық Кітапханасы мен ҚР кітапханалар қауымдастығының бастамасымен өткізіліп келеді.

9-мамыр – Ұлы Жеңіс Күні

9-мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Мирас колледжі мекемесі сіздерді жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн 9 мамыр жеңіс күнімен құттықтайды! Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.

Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

Осы орайда колледж білім алушылары батырларымызға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Батыр анамызды да ұмытпай Ұлы жеңіс мерекесімен құттықтады.

«7 мамыр - Отан қорғаушылар» күні

Мирас колледжі мекемесінде «7 мамыр- Отан қорғаушылар» күніне орай ардагерлермен кездесу өткізілді.  Мерекелік кездесуге Абдрасилов Қайратбек Қырықбаевич, Орынбаев Ғалымжан Жанабилович, Қалышев Еркінбек Танысықұлы қатысты.

Іс - шараның мақсаты: Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне мың тағзым айта отырып, олардың батырлық істеріне, мәңгілік ерліктеріне құрмет білдіру, бүкіл Кеңес Одағы халқының Жеңіске қосқан үлесін санамыздан өшірмей ұрпақтан ұрпаққа аманат ету.

Түлектердің ағаш егу күні

Мирас колледжі мекемесінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өтіп жатқан Өнегелі Ұрпақ апталығына сәйкес колледжің бітіруші түлектері «Түлектердің ағаш егу күні» челленджін ұйымдастырды.