Үздіктер шеруі 2023

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Үздіктер шеруі–2023» салтанатты шарасына қатысып, биылғы жылдың қорытындысы бойынша білім саласында кәсіби жетістіктерге жеткен жеңімпаздарды марапаттады. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында өткен марапаттау рәсімінде  техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үздік мамандарына  құрмет көрсетілді. Колледжден «Шаштараз өнері» мамандығы бойынша VІІІ республикалық «WorldSkills Kazakhstan–2023» чемпионатына қатысқан Таштемирова Лейла  Алғыс хатпен марапатталды.