«WorldSkills Shymkent-2022» аймақтық чемпионаты

Аймақтық чемпионат «2022 жыл - Балалар жылы» аясында Шымкент қаласының білім басқармасы және кәсіпорындармен бірлесе отырып, ағымдағы жылдың 20-27 мамыр күндері аралығында «Жас маман» жобасы аясында заманауи құрал-жабдықтармен және техникалық жабдықталған құзыреттілік орталықтары қарастырылған, қаланың жетекші 15 колледжінің базасында өтілді.

 

«WorldSkills» чемпионатының аймақтық кезеңіне 46 құзыреттілік бойынша 176 үміткердің қатысуымен «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Өндірістік және инженерлік технологиялар», «Қызмет көрсету саласы», «Білім беру», «Медицина», «Шығармашылық және дизайн», «Құрылыс индустриясы», «Көлік және логистика» бағыттары бойынша өткізілді.

Чемпионат қатысушыларының конкурстық жұмыстарын қала аумағындағы кәсіпорындардың жетекші мамандарынан құралған тәуелсіз сарапшылар бағалады.

Аймақтық «WorldSkills Shymkent - 2022» кәсіби шеберлік чемпионатының үздік жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және медальдермен марапатталды.

Сондай-ақ, үміткер қатысушыларды сайысқа баптап, дайындаған үздік компатриоттар мен кәсіпорындардан шақырту алған тәуелсіз сарапшыларға, құзыреттілік орталықтарында чемпионаттың талап деңгейінде өткізілуіне жағдай жасаған жетекші колледж басшыларына алғыс хаттар ұсынылды.

Аймақтық «WorldSkills Shymkent - 2022» кәсіби шеберлік чемпиона колледжімізден 8 құзыреттілік 13 үміткер қатысты, оның 4 құзыреттілігі колледж аумағында өтілді.

Аймақтық «WorldSkills Shymkent - 2022» Чемпионаттың қорытындысы бойынша қатысушылар «Мирас» колледжі  құзыреттіліктер бойынша  5 бірінші дәрежелі диплом, 3 екінші дәрежелі диплом, 4 үшінші дәрежелі диплом  иеленді.

Шаштараз өнері

 

 

Кіші сыныптарды оқыту

 

 

 

Мобильді қосымшаларды әзірлеу

 

 

Киберқауіпсіздік

 

 

 

 

 

 

Жаңалықтар

Мирас» колледжі» мекемесінде «Жаңа жыл – 2026» атты мерекелік концерт өтті. Шара барысында әсерлі өнер көрсетіліп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Баршаңызды келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен ...
«2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы» салтанатты түрде жабылды. Аталған іс-шара аясында өткен Жеңімпаздар ШЕРУінде еліміздің үздік өкілдері марапатталды. Бұл маңызды шараға Мирас колледжі қатысып, ...
«Мирас» колледжінде Тіл тасымалдаушы білікті маман mr.John жоғары дәрежеде кезекті желтоқсан айының "Communication club" өтті.
«Мирас» колледжінің оқытушылары мен студенттері қайырымдылық дәстүрін жалғастырып, мереке қарсаңында ерекше ізгі қадам жасады. Бүгін біздің ұжым азық-түлік себеттерін дайындап, көмекке мұқтаж 3 ...
ТМ-251.2(г) тобының талантты студенті Әлібек Рамазан Әбілғазыұлы Алматы қаласында өткен Бокстан Қазақстан Республикасының чемпионатында (юниорлар) 48 кг салмақ дәрежесінде — 1ОРЫН иеленді! Бұл — тек ...
Біздің үлкен мақтанышымыз — “Мирас” колледжінің атынан қатысып, жоғары нәтижеге қол жеткізген медальон иегері — Рустамова Малика! Оған бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсеткен жетекшісі — Харлампиди ...
Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, «Talap» КеАҚ ұйымдастыруымен өткен WorldSkills Kazakhstan 2025 ұлттық чемпионатында еліміздің ең үздік жас мамандары анықталды. Біздің үлкен мақтанышымыз — ...
«Шаштараз өнері» бағытының үздігі – «Мирас» колледжінің қатысушысы- Рустамова Малика! Финалда жоғары нәтиже көрсетіп, медальон иеленді! Шаштараз өнері / медальон — Рустамова Малика Музафарқызы, ...