«WorldSkills Shymkent 2023» өңірлік чемпионаты

Шымкентте 2023 жылдың 17-21 сәуір аралығында жұмысшы және кәсіби мамандықты дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған «WorldSkills Shymkent – 2023» өңірлік чемпионаты Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, кәсіпорындармен бірлесе отырып, материалдық техникалық жабдықталған, қаланың 13 жетекші колледжі базасында өтті. Кәсіптік техникалық мамандықтардың деңгейін арттыратын бұл жобаға Қазақстан 2015 жылы алғаш рет қатысып, халықаралық деңгейде жүлделі орын иегері болған еді. Жоба аясында қоғамға ең қажетті маман иелерінің біліктілігін арттыру көзделген.

«WorldSkills Kazakhstan-2022» VІІ Республикалық чемпионаты

2022 жылдың 6 желтоқсан мен 11 желтоқсан аралығында  «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN 2022» VІІ Республикалық чемпионат Астана қаласында «EXPO» халықаралық көрме орталығы базасында болды. VII республикалық чемпионатқа еліміздің барлық өңірінен 500–ден астам WorldSkills өңірлік кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты. 110 колледж студенті мен жас маман 30 құзырет бойынша жеңімпаз атанды. Олар 34 алтын, 38 күміс және 38 қола медаль жеңіп алды. Чемпионаттың тағы 144 қатысушысы үздік медальондармен марапатталды.

«WorldSkills Shymkent-2022» аймақтық чемпионаты

Аймақтық чемпионат «2022 жыл - Балалар жылы» аясында Шымкент қаласының білім басқармасы және кәсіпорындармен бірлесе отырып, ағымдағы жылдың 20-27 мамыр күндері аралығында «Жас маман» жобасы аясында заманауи құрал-жабдықтармен және техникалық жабдықталған құзыреттілік орталықтары қарастырылған, қаланың жетекші 15 колледжінің базасында өтілді.

"WorldSkills Kazakhstan-2019" - V Республикалық кәсіби шеберлік Чемпионаты қорытындысы

ҚР Білім және ғылым министрлігі және "Кәсіпқор" холдингі" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 11-15 қараша күндері аралығында Нұр-сұлтан қаласында Еліміздің 3 қаласы, 14 облысынан 400-ден астам техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің қатысуымен "WorldSkills Kazakhstan-2019" -V Республикалық кәсіби шеберлік Чемпионаты өтті. Түркістан облысы командасы республика бойынша мықты үштікке енді. Мирас колледжі Түркістан облысының атынан 3 құзыреттілік бойынша қатысты. Герасимова Виктория, "Шаштараз өнері" қола медаль иегері, Захаренко Никита, "Жүйелік және желілік әкімшілдеу", медальон иегері, Понамарев Руслан, "Графикалық дизайн" ҚР БҒМ-нен сертификат иегері және де жоғарыда аталған компетенциялар бойынша үш сарапшы өз шеберліктерін көрсетті: Байтуреева А.Ш., Райымбекова А.С., Рахымбаев Н.Ө.

«WorldSkills Turkestan-2020» аймақтық чемпионаты

WorldSkills Turkestan 2020 – оқу орындары, сала және қоғамдық ұйымдар өкілдері бас қосатын, кәсіби шеберлікке қатысты маңызды және өзекті мәселелер талқыланған көп қырлы шара. Түркістан, Шымкент және Кентау қалаларында өткен WorldSkills Turkestan 2020 облыстық чемпионатында «Мирас» колледжі мекемесінің командасы жоғары нәтиже көрсетті.

«Ерлер шаштаразы-2020» атты байқау

Ағымдағы жылдың 31 қаңтарында Білім басқармасы және әдістемелік орталығы «Мирас» колледжінің базасында «Шаштараз өнері және сәндік косметика» құзыреттілігі бойынша «WorldSklls Turkestan-2020» облыстық байқауы аясында «Ерлер шаштаразы-2020» байқауын ұйымдастырып, өткізді.

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 17 шілдедегі №602 Жарлығымен бекітілген 2024–2029 жылдарға арналған мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасына сәйкес, «Мирас» колледжі мекемесінде ...
2026 жылдың 15 сәуір күні бірінші курс білім алушыларымен маңызды кездесу өтті. Іс-шараға «Жастар Денсаулық Орталығының» терапевт дәрігері Ералиева Дина Калановна қатысып, студенттерге тақырып ...
2026 жылдың 15 ақпан күні бірінші курс білім алушыларымен маңызды әрі тағылымды кездесу өтті. Іс-шараға «Жастар Денсаулық Орталығының» психологы Бекмуратова Қ.У. және әлеуметтік қызметкер Отегенова ...
Бүгін "Мирас" колледжі мекемесінде әскери дала жиынының жабылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. Жиын барысында студенттер әскери дайындықтарын көрсетіп, тәртіп пен жауапкершіліктің үлгісін танытты. ...
«2026 жылғы 14 маусым күні «Мирас» колледжінде қызметкерлер арасында «Салауатты үзіліс» немесе «Денсаулық сағаты» атты спорттық іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Аталған іс-шара аясында колледж ...
«Салауатты колледж» жобасы аясында студенттер үшін тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Жастар ЖИТС-тің алдын алу орталығының педагог маманы Ибайдуллаева Д.А. жетекшілігімен «Сенім» орталығына экскурсия ...
«Мирас» колледжі мекемесінде Тұран ауданында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, суицидтің, қыздар арасындағы ерте жүктіліктің, адам саудасы, керегар діни ағымдар мен ...
"Мирас" колледжі" мекемесінде оқу-дала жиынының салтанатты ашылу іс-шарасы өткізілді. Бұл жиын – тәртіп пен жауапкершілікті шыңдап, білім мен тәжірибені ұштастыратын маңызды кезең. Студенттер үшін ...