Біз жайында

 
 

 

 


 

Қашықтықтан оқыту бойынша қолдау

Колледжді қашықтықтан оқыту (ҚО) тәртібіне көшкен жағдайда, студент орталықты оқыту идеяларын жүзеге асыра отырып, Мирас колледжі мекемесінің ұжымы келесі жұмыстарды жүргізеді.

College  SmartNation платформасы аясында колледждің білім алушысы лекцияларға және басқа да теориялық материалдарға, тесттерге және үй тапсырмаларына қол жеткізеді. Платформа колледж оқытушылары мен студенттері үшін өте ыңғайлы. 

 

1. College SmartNation платформасында оқу процесінің кестесі бойынша барлық ақпарат орналастырылған:

  • оқытушылар тізімі;
  • сабақ кестесі;
  • топтардың атауы;
  • әр топ студенттерінің саны;
  • электрондық журнал;
  • тапсырмаларды орналастыру;
  • бағалау, бағалауға түсініктеме.

2. Платформаның көмегімен күн сайын студенттер бойынша мониторинг жүргізіледі:

  • белсенділік;
  • қатысу;
  • тапсырма үлгілері.

3. Платформада электронды кітаптарды орналастырумен, электрондық кітапхана қойындысы бар, оларды кез келген уақытта студенттер мен оқытушылар ашық түрде пайдалана алады.

4. Колледжде YouTube арнасы бар. Мұнда студенттер мен оқытушыларға арналған осы платформаны пайдалану бойынша бейне нұсқаулықтар орналастырылған.

 

Қажет болған жағдайда әрдайым оқытушымен байланысуға және өткен немесе оқытылатын материал бойынша сұрақтар қоюға мүмкіндік бар.

Сондай-ақ колледж оқытушылары білім алушыларға телекоммуникациялық құралдарды пайдалана отырып, білім алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып әдістемелік көмек көрсетеді (арнайы бейне сабақтар, түсіндіру жұмыстары). Студенттер мен педагогтарды қолдау үшін колледж қашықтықтан оқыту кезінде әр түрлі бағдарламалар (WhatsApp, Zoom, Skype, mail.ru, google.com, YouTube) қолдана алады.

Карантин уақытында үйлеріне кеткен, аймақтағы студенттер тұрақты интернет қосылысы немесе жоғары жылдамдықтар болмаған жағдайда лекциялар мен тапсырмаларға қол жеткізуге және орындалған жұмысты өздеріне ыңғайлы уақытта жіберуге мүмкіндігі бар. Оқытушылар әрдайым байланыста.

 

Оқу-әдістемелік кешендерді, тестілерді, сандық білім беру ресурстарын жүктеу бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. ПОӘК (пәннің оқу-әдістемелік кешендері) және тапсырмалар College Smartnation платформасында уақытылы орналастырылады. Білім алушылар сол күні оқытушыдан кері байланыс алады. Сабақтар кесте бойынша өткізіледі.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша білім алушылардың ата-аналарымен тұрақты байланыс жүргізіледі, кез келген пайдалы және қажетті көмек көрсетіледі. Студенттердің сабаққа қатысуы және үлгерімі бойынша барлық ақпарат әрдайым ашық түрде беріледі.

Использование платформы Smart Nation при дистанционном обучении (Для студентов!)lightbox[social 640 486]Facebook::Face videos

CollegeSmartNation порталында жұмыс істеу бойынша онлайн-тренинг (21.03.2020 жазба)lightbox[social 640 486]Facebook::Face videos

Жаңалықтар

Мирас» колледжі» мекемесінде «Жаңа жыл – 2026» атты мерекелік концерт өтті. Шара барысында әсерлі өнер көрсетіліп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Баршаңызды келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен ...
«2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы» салтанатты түрде жабылды. Аталған іс-шара аясында өткен Жеңімпаздар ШЕРУінде еліміздің үздік өкілдері марапатталды. Бұл маңызды шараға Мирас колледжі қатысып, ...
«Мирас» колледжінде Тіл тасымалдаушы білікті маман mr.John жоғары дәрежеде кезекті желтоқсан айының "Communication club" өтті.
«Мирас» колледжінің оқытушылары мен студенттері қайырымдылық дәстүрін жалғастырып, мереке қарсаңында ерекше ізгі қадам жасады. Бүгін біздің ұжым азық-түлік себеттерін дайындап, көмекке мұқтаж 3 ...
ТМ-251.2(г) тобының талантты студенті Әлібек Рамазан Әбілғазыұлы Алматы қаласында өткен Бокстан Қазақстан Республикасының чемпионатында (юниорлар) 48 кг салмақ дәрежесінде — 1ОРЫН иеленді! Бұл — тек ...
Біздің үлкен мақтанышымыз — “Мирас” колледжінің атынан қатысып, жоғары нәтижеге қол жеткізген медальон иегері — Рустамова Малика! Оған бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсеткен жетекшісі — Харлампиди ...
Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, «Talap» КеАҚ ұйымдастыруымен өткен WorldSkills Kazakhstan 2025 ұлттық чемпионатында еліміздің ең үздік жас мамандары анықталды. Біздің үлкен мақтанышымыз — ...
«Шаштараз өнері» бағытының үздігі – «Мирас» колледжінің қатысушысы- Рустамова Малика! Финалда жоғары нәтиже көрсетіп, медальон иеленді! Шаштараз өнері / медальон — Рустамова Малика Музафарқызы, ...