Оңтүстік Қазақстан экономикалық-технологиялық «Мирас» колледжі бәсекеге қабілетті мамандар даярлау мақсатында 2005 жылғы 25 сәуірде құрылды.
2019 жылдың 26 маусымында колледж "Мирас колледжі" мекемесі болып өзгертілді.
Колледжде барлық қажетті құрылтай және білім беру қызметіне рұқсат беретін құжаттар бар:
- Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
- ОКПО мемлекеттік жіктеуіші бойынша коды 40528426;
- Бизнес-сәйкестендіру нөмірі: БСН 050440003255;
- Колледж жарғысы «Білім туралы» ҚР Заңының 10-бабының талаптарына сәйкес, 13.09.2021 ж. жалғыз құрылтайшымен бекітілген.
- Медициналық қызметпен және тамақпен қамтамасыз етілгенін растайтын құжаттар.
«Мирас» колледжінің мекемесі Шымкент қаласы, Ломоносов көшесі, 7-үй мекенжайында орналасқан.
«Мирас» колледжі жеке меншік болып табылады.
Колледж білім беру қызметін «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесімен берілген 2021 жылғы 21 қыркүйектегі № KZ95LAA00032053 АБ сериясының мемлекеттік лицензиясына сәйкес жүзеге асырады.
Өзінің жұмыс істеген уақытында колледж қалыптасу жолынан өтті, соның арқасында білім беру қызметтері нарығында өзін танытты және білім алушылардың сеніміне ие болды.
Колледж қызметінің негізгі басымдығы ұсынылатын білім беру қызметтері сапасының тұрақты өсуі, еңбек нарығында үстем позицияларды сақтау, қызметкерлер мен серіктестердің мүдделерін ескере отырып, білім беру қызметтеріне тапсырыс берушілердің қажеттіліктері мен үміттерін қанағаттандыру болып табылады.
Колледждің міндеті мен миссиясы жетістікке бағытталған жоғары деңгейдегі мамандарды даярлау болып табылады.
Аттестаттау қорытындысы бойынша – «Шымкент қаласының Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті» ММ 24.03.2023 жылғы № 177 бұйрығына сәйкес «Мирас» колледжі мекемесі сәтті аттестаттаудан өтті.
2019 жылғы 11-15 маусымда «Мирас» колледжі мекемесі Тәуелсіз Қазақстандық Аккредиттеу Орталығымен (ТҚАО) аккредиттеу процесінен өтті, 5 жылға институционалдық аккредиттеу туралы растау куәлігін, 24.12.2024 жылға дейінгі қолданылу мерзімімен 12 білім беру бағдарламасы бойынша мамандандырылған аккредиттеу туралы куәлікті алды.
Сондай-ақ колледж 2023 жылы аккредиттеуден кейінгі процестен сәтті өтіп, халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткені туралы куәлік (IA № 0012 01.07.2019-30.06.2026 ж.) және 12 білім беру бағдарламасы бойынша халықаралық мамандандырылған аккредиттеу куәліктерін алды. Қолданылу мерзімі 30.06.2026 жылға дейін берілді.