10.03.2021 жылы құқық секторы аға оқытушысы Оразымбетова З.Ш. «Мирас» университетінің бірінші курс студенттерімен оффлайн режимде «Цифрландыру жүйесіндегі білім беру» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Мақсаты: студенттердің цифрлық сауаттылығын арттыру.
Дөңгелек үстел барысында Оразымбетова З.Ш. цифрландырудың негізгі мақсаты – бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, оқу-тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету және ең бастысы – білім беру сапасын арттыру екендігін айтып өтті.
Нәтижесі: студентерге цифрландыру бағдарламасы жайында толық мәлімет берілді.