18.03.2021 жылы университеттің денсаулық сақтау пунктінің меңгерушісі Бывалец В.Н. ұйымдастыруымен «Мирас» университетінің студенттері мен «Даумед» медициналық орталығының дәрігер-фтизиаторы Ашимов Р.З. арасында «Туберкулездің алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.
Мақсаты: Туберкулез сияқты аурудың пайда болуын, қоғамға, адамға осы аурудың зардабын түсіндіру.
Кездесу барысында дәрігер-фтизиатор студенттерге туберкулез ауруының пайда болуы және жұғу жолдары туралы слайд көрсетті. Сонымен қатар бұл аурудың алдын алу және сақтану ережелерін түсіндіріп өтті.
Студенттер белсенді қатысып, сұрақтар қойылды.