Қатысушы студенттер

Worldskills туралы, біздің жетістігіміз және колледждің мақтаныштары

Worldskills — мақсаты жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту болып табылатын халықаралық коммерциялық емес қозғалыс. WorldSkills әлемнің барлық кәсіптік білімнің дамуына тура әсер етеді.

WorldSkills чемпионаттары жылда бір рет ұйымдастырылып өткізіледі, оған 22 жасқа дейінгі колледж және университет студенттері, білікті жас мамандар, сонымен қатар танымал мамандар, кәсіпқойлар, өндірістік оқыту шеберлері мен тапсырмаларды орындауды бағалайтын сарапшы ретіндегі нұсқаушылар қатысады.

Түркістан облысының білім басқармасының 2018 жылғы 24 қазандағы № 283 бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан экономикалық – технологиялық «Мирас» колледжі «Шаштараз өнері және сәндік косметика» құзыреттілік орталығы болып бекітілді.

Құзыреттілік орталыққа бекітілген колледждер өз саласы бойынша жан-жақты ізденіп, әдістемелік және шығармашылық – практикалық базасын арттыру мақсатында Кентау қаласындағы №7 колледжбен ынтымақтастықты арттырып және тәжірибе алмасып бірлескен кешенді іс шара жоспары түзіліп, білім басқармасына бекітіуге ұсынылды.

Астана қаласында өткен республикалық кәсіби «WorldSklls 2018» чемпионатында «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығы бойынша студент Артықов Олжас қатысып, ІІІ орын қола медальге иеленді. 

 

2019 жылғы 15-25 сәуір күндері аралығында Түркістан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері мен колледж бітірушілері арасында «WorldSkills Turkistan» облыстық чемпионаты өтті. Чемпионат 33 құзыреттілік бойынша 233 қатысушы мен 233 сарапшылардың қатысуымен өткізілді.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша қатысушылар «Мирас» колледжі  құзыреттіліктер бойынша  4 бірінші дәрежелі диплом, 1 екінші дәрежелі диплом иеленді.

I орын иегерлері:

«Желілік және жүйелік әкімшілік» құзыреттілігі бойынша Компанец Николай мен Захаренко Никита, «Графикалық дизаин» құзыреттілігі бойынша Понамарев Руслан, «Мектепке дейінгі тәрбие» Аверьянова Александра, «Шаштараз» құзыреттілігі бойынша Герасимова Виктория

IІ орын иегерлері:

«Шаштараз өнері» құзыреттілігі бойынша Турсынхан Аида Бекболатқызы.  

  

 


 

«WorldSkills Kazakhstan-2019» V Республикалық кәсіби шеберлік Чемпионаты қорытындысы

ҚР Білім және ғылым министрлігі және "Кәсіпқор" холдингі" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 11-15 қараша күндері аралығында Нұр-сұлтан қаласында Еліміздің 3 қаласы, 14 облысынан 400-ден астам техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің қатысуымен "WorldSkills Kazakhstan-2019" V Республикалық кәсіби шеберлік Чемпионаты өтті. Түркістан облысы командасы республика бойынша мықты үштікке енді. Мирас колледжі Түркістан облысының атынан 3 құзыреттілік бойынша қатысты. Герасимова Виктория, "Шаштараз өнері" қола медаль иегері, Захаренко Никита, "Жүйелік және желілік әкімшілдеу", медальон иегері, Понамарев Руслан, "Графикалық дизайн" ҚР БҒМ-нен сертификат иегері және де жоғарыда аталған компетенциялар бойынша үш сарапшы өз шеберліктерін көрсетті: Байтуреева А.Ш., Райымбекова А.С., Рахымбаев Н.Ө.

 

 


 

«WorldSkills Turkestan-2020» аймақтық чемпионаты

WorldSkills Turkestan 2020 – оқу орындары, сала және қоғамдық ұйымдар өкілдері бас қосатын, кәсіби шеберлікке қатысты маңызды және өзекті мәселелер талқыланған көп қырлы шара. Түркістан, Шымкент және Кентау қалаларында өткен WorldSkills Turkestan 2020 облыстық чемпионатында «Мирас» колледжі мекемесінің командасы жоғары нәтиже көрсетті.

«Мирас» колледжінің командасы рекордтық көрсеткішке ие болды - 7 медаль, оның 6-ы алтын және 1 медаль. Командалық есепте Түркістан облысының техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері арасында «Мирас» колледжі» мекемесі 1 орынды иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша алтын медаль иегерлері:

  • «Гид» құзыреті бойынша студент Азиз Икрамович Каримов, сарапшылар Елена Густавовна Карчер және Сейітхан Шынар Маратқызы.
  • «Мобильдік қосымшаларды әзірлеу» құзыреті бойынша студент Керімбек Ислам Бауыржанұлы, сарапшы Абдираимова Фариза Асанқызы.
  • «Графикалық дизайн» құзыреті бойынша студент Мақұлбек Нұрболат Дауренұлы, сарапшылар Рахымбаев Нұрсұлтан Өмірәліұлы және Кәрібай Гүлнұр Жақсыбекқызы
  • «Шаштараз өнері» мамандығы бойынша студент Сәрсенбай Венера Өмірәліқызы, сарапшылар Райымбекова Ақмарал Сапарқызы және Герасимова Виктория Александровна.
  • «Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреті бойынша студент Васильева Анастасия Геннадьевна, сарапшы Дулатова Ақбота Убайдуллаена.
  • «WEB дизайн» құзыреті бойынша медальон иегері студент Анарметов Данил Бахтиярұлы, сарапшы Мусалимова Нұрлыайым Құрманбекқызы.
  • «Желі және жүйелік әкімшілендіру» құзыреті бойынша студент Захаренко Никита Николаевич, сарапшы Байтуреева Айгерім Шарипбековна.

 


 

«WorldSkills Shymkent-2022» аймақтық чемпионаты

Аймақтық чемпионат «2022 жыл - Балалар жылы» аясында Шымкент қаласының білім басқармасы және кәсіпорындармен бірлесе отырып, ағымдағы жылдың 20-27 мамыр күндері аралығында «Жас маман» жобасы аясында заманауи құрал-жабдықтармен және техникалық жабдықталған құзыреттілік орталықтары қарастырылған, қаланың жетекші 15 колледжінің базасында өтілді.

«WorldSkills» чемпионатының аймақтық кезеңіне 46 құзыреттілік бойынша 176 үміткердің қатысуымен «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Өндірістік және инженерлік технологиялар», «Қызмет көрсету саласы», «Білім беру», «Медицина», «Шығармашылық және дизайн», «Құрылыс индустриясы», «Көлік және логистика» бағыттары бойынша өткізілді.

Чемпионат қатысушыларының конкурстық жұмыстарын қала аумағындағы кәсіпорындардың жетекші мамандарынан құралған тәуелсіз сарапшылар бағалады.

Аймақтық «WorldSkills Shymkent - 2022» кәсіби шеберлік чемпионатының үздік жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және медальдермен марапатталды.

Сондай-ақ, үміткер қатысушыларды сайысқа баптап, дайындаған үздік компатриоттар мен кәсіпорындардан шақырту алған тәуелсіз сарапшыларға, құзыреттілік орталықтарында чемпионаттың талап деңгейінде өткізілуіне жағдай жасаған жетекші колледж басшыларына алғыс хаттар ұсынылды.

Аймақтық «WorldSkills Shymkent - 2022» кәсіби шеберлік чемпиона колледжімізден 8 құзыреттілік 13 үміткер қатысты, оның 4 құзыреттілігі колледж аумағында өтілді.

Аймақтық «WorldSkills Shymkent - 2022» Чемпионаттың қорытындысы бойынша қатысушылар «Мирас» колледжі  құзыреттіліктер бойынша  5 бірінші дәрежелі диплом, 3 екінші дәрежелі диплом, 4 үшінші дәрежелі диплом  иеленді.

Шаштараз өнері

 

 

Кіші сыныптарды оқыту

 

 

 

Мобильді қосымшаларды әзірлеу

 

 

Киберқауіпсіздік

 

 

 

 

 

 

 


 

«WorldSkills Kazakhstan-2022» VІІ Республикалық чемпионаты

2022 жылдың 6 желтоқсан мен 11 желтоқсан аралығында  «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN 2022» VІІ Республикалық чемпионат Астана қаласында «EXPO» халықаралық көрме орталығы базасында болды. VII республикалық чемпионатқа еліміздің барлық өңірінен 500–ден астам WorldSkills өңірлік кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты. 110 колледж студенті мен жас маман 30 құзырет бойынша жеңімпаз атанды. Олар 34 алтын, 38 күміс және 38 қола медаль жеңіп алды. Чемпионаттың тағы 144 қатысушысы үздік медальондармен марапатталды.

«Мирас» колледж мекемесі үш құзыреттілік бойынша қатысып, 20 аудан арасында «Шаштараз өнері» құзыреттілігі бойынша 1-орын иелендіқатысушы Куралбай Көркемай, жетекшісі Удовиченко Т.Г. Польша қаласында өтілетін «Worldskills-2023» чемпионатына жолдама алды.

 

  

 

 


 

«WorldSkills Shymkent 2023» өңірлік чемпионаты

Шымкентте 2023 жылдың 17-21 сәуір аралығында жұмысшы және кәсіби мамандықты дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған «WorldSkills Shymkent – 2023» өңірлік чемпионаты Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, кәсіпорындармен бірлесе отырып, материалдық техникалық жабдықталған, қаланың 13 жетекші колледжі базасында өтті. Кәсіптік техникалық мамандықтардың деңгейін арттыратын бұл жобаға Қазақстан 2015 жылы алғаш рет қатысып, халықаралық деңгейде жүлделі орын иегері болған еді. Жоба аясында қоғамға ең қажетті маман иелерінің біліктілігін арттыру көзделген.

«WorldSkills» чемпионатының аймақтық кезеңіне  45 құзыреттілік бойынша 204 үміткер қатысты. Чемпионат ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, өндірістік және инженерлік технологиялар, қызмет көрсету саласы, білім беру, медицина, шығармашылық және дизайн, құрылыс индустриясы, көлік және логистика бағыттары бойынша өткізілді.

«Мирас» колледж мекемесі 9 құзыреттілік бойынша 14 қатысушы қатысып, 10 жүлделі орынға ие болды.:

Шаштараз өнері:

  • Телеуца Евгения Ивановна – I орын;
  • Таштемирова Лейла Камалқызы – II орын;
  • Әбделі Данагүл Нұрғалиқызы – III орын.

 

Қонақ үй ресепшионисті:

  • Темірханова Айкумис Спандияр қызи – I орын;
  • Жарылхасын Аяану Ордабекқызы – II орын.

 

Сән технологиясы:

  • Бегалы Арайлым Әзімханқызы – III орын.

 

Киберқауіпсіздік:

  • Яковлев Алексей Константинович – I орын;
  • Ишков Алексей Сергеевич – II орын.

 

Мобильді қосымшаны әзірлеу:

  • Васильев Александр Александрович – III орын.

 

Бастауыш сыныптарда оқыту:

  • Гайфуллина Ангелина Равильевна – I орын.

 

Чемпион Жетекшілері: Удовиченко Т. Г.; Медовщикова Е. Ю; Ержанова У. Е.; Ким О. А.; Байгушева А.Н.; Айбат Ш. Б.; Мұстафаева Л. Т.; Шарапова А. Б.; Әлімтай Б. Ш.; Парманқұл Д. С.

Айта кетейік, «WorldSkills Shymkent» кәсіби шеберлік чемпионаты барысында 9-11 сынып түлектері үшін «Ашық есік» күндері өткізілді. Бұл жобада түлектер мен мектеп оқушылары колледждердің материалдық- техникалық базасы және жетістіктерімен таныстырылып, инновациялық көрме жұмысын тамашалай алды.

 

 


 

«Worldskills Kazakhstan 2023» VIII Республикалық чемпионаты

Елордамыз Астана қаласында өткен республикалық «WorldSkills 2023» VIII республикалық чемпионаты да өз мәресіне жетті. Колледжіміздің білім алушысы Таштемирова Лейла  Үздік Маман Медальонымен марапатталды, жетекшісі Харлампиди Татьяна Генадьевна.

 

 

Жаңалықтар

«Мирас» колледжі мекемесінде Жаңа жыл мерекесіне орай "Кел, төрлет Жаңа жыл!" тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара барысында колледжіміздің білім алушылары өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар ...
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Үздіктер шеруі–2023» салтанатты шарасына қатысып, биылғы жылдың қорытындысы бойынша білім саласында кәсіби жетістіктерге жеткен жеңімпаздарды марапаттады. Жаңа жыл ...
26.12.2023жылы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының бастауымен, Шымкент қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен «Жасөспірімдер мен жастар арасында девиантты ...
25.12.2023 жылы «Мирас » колледжі мекемесінде «Кітаптар әлемінде» атты  жаңа әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: оқырман қауымды жаңа кітаптармен таныстыру, кітап оқуға тарту, ...
«Мирас» колледжі мекемесінде колледж президенті Октамов Зафар, өзін-өзі басқару және бақыт фракциясының министрі Тасболат Жамал, экология және еңбек фракциясының министрі Асанхан Айда және қыздар ...
Тәуелсіздік қастерлі ұғым.Бұл күн-сан ғасырлардан бері ата-бабаларымыз аңсаған арманының жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн.
Қалалық Білім басқармасына қарасты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының  «Sanaly urpaq»  клубтарының слеті Шымкент қаласы білім басқармасының «Жол-көлік колледжінде салтанатты іс-шарамен  ...
Ағымдағы жылдың  12-13 желтоқсан күндері Астана қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігі жанындағы ТжКБ департаменттің ұйымдастыруымен  «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және стратегиялық ...