27.09.2025 ж Халықаралық туризм күніне орай туризм студенттерімен қала сыртындағы Ранчо демалыс аймағына 1-күндік тур жасадық. Демалыс аймағында студенттермен квадрациклға мініп, садақ атып, атқа мініп, киіз үйде түскі ас ішіп, сонымен қатар кешкі алаудың қасында әдемі ән айтып керемет мейрамызды атап өттік.


