Семинарлар

Психология бойынша семинарлар

Кикілжің және одан шығу жолдары» тренин-семинар

Соңғы кездері жастарымыздың, қала берсе ересек адамдар арасында түсінбеушілік, агрессияға тез берілу, жанымызға жақын адамдарды жазықсыз жазғырып, әлде болмаса қызбалыққа салынып, болмашы эмоцияға ерік беріп өз жақындарымыз бен достарымыздың көңіліне қаяу түсіріп алатын кездер болып тұрады. Оның себебі не де?! Әрине, қазір ғаламдық жаһандану, қарбалас тіршілік, қала берсе нейтротехнология заманы. Мұның бәрі адам психикасына әсер етпей қоймайды. Ал, заман талабына сай өзгелерге ілесіп жүрмесек, көп нәрседен қапыдан қалыс қалатынымыз тағы бар.

Осы мақсатта, жаңа әдістемелерді пайдалана отырып, жастар арасында  кикілжіңді шешу, компромиске келу жолдарын, сонымен қатар ішкі балансты тұрақты ұстауға септігін тигізетін кәсіби жұмыстарын жүргізді.Тағы айтар болсақ, «Кикілжің және одан шығу жолдары»-семинар тренингде, көптеген қызықты ойындар мен өз ой әлемін өзгертуге әсер ететін тренингтерден өтті.

 


 

 

«Бес терек» жобасы бойынша жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықты анықтау жұмыстары

Ақпан айының 24-25 жұлдызы аралығында білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған «Бес терек» жобасы аясында жұмыстар жүргізді. Жұмыс барысында  білі алушылардан «Үй.Адама.Ағаш» проективті әдісі, сауалнамалар, Отбасылық сурет, «Менің арманым» немесе «Менің отбасым» тақырыбында эссе, М.Люшердің «түрлі түстер» әдістемелері жүргізіп, қорытындыларын алды.

Жобаның мақсаты: жастар мен жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу.

Жобаның міндеті: бес терек мүшелерінің байланысын нығайтып, бірлескен жұмыс регламенті мен жоспарын анықтау.

Бұл жоба жұмыстарын жүргізуге колледж медбикесі, инспекторы, әлеуметтік педагог пен топ жетекшілер тартылды.

 


 

 

Жаһан жастарының дерті- Суицид

Жасөспірімдеріміздің арасында  кейбірі түйткілдерге тап болып, күзеліске түсіп шыға алмай жатады  немесе сәтсіз махаббат хикаясы, отбасынан шектен тыс талаптар мен қалауларын орындатқысы келіп, өз ойындағыдай нәтижелерге жете алмай қалған сәтттерде, дос тарынан бөлектеніп бұл әлемде жалғыз қалғандай сезініп нәтижесінде жағымсыз ойлар мен эмоциялар әсерінен болашғы жоқ қараңғы жолдарды таңдайды. Осы мәселе бойынша арнайы мамандардың қатысуымен  колледж білім алушыларына біршама ағарту жұмыстарын жүргізді. Жасөспірім шақта биологиялық даму мен акселерация нәтижесінде эмоционалды тұрақсыздықтар қалыпты жағдай екендігін түсіндіріп, арнайы видеороликтер мен брашуралар таратылды.

Іс-шараға қатысқандар:

№13  емхананың психологтары: Жакыпбекова Ж.Б, Бекмуратова К.У

№13  емхананың терапевт дәрігері:Джаймаганбетова Д.Д, Дуйсенова Л медбикесі

«Мирас» колледжінің медпункт меңгерушісі: Сарымбетова Ж.С

Психолог: Қалдарова А.Е

Әйгілі психолог Дж.Лок айтуынша: «Біз өз өміріміздің суретшісіміз, ал суреттің керемет шығу сіздің қолыңызда!».

 


 

Тәжірибеге келген студенттермен жұмыс

17.02.2020- 28.02.2020 ж аралығында «Мирас» универиситетінің «Педагогика және психология» кафедрасының біршама студенттері колледжімізге тәжірибе алмасуға,оқып білгендерін тәжірибе жүзінде қолдануға келді. Болашақ мамандар сбілім алушылармен етене жұмыс жасай отырып, үлкен және кіші топтармен жұмыс жасауды үйренді. Тәжірибе барысында болашақ мамандар білім алушылармен тығыз жұмыстар жүргізді. Атап айтар болсақ, арт-терапия саласының бір бөлігі сурет-терапиясымен жұмыс жасап қорытындылар ала білуді, сауанама нәтижелерін өңдеу жолдарын тереңнен үйренді. Тәжірибе алмасуға келген студенттер бес минутсыз дайын маман екендігін дәлелдеді.

 

Дебаттар

«Ақпараттық технологиялар және экономикалық пәндер»  ПЦК декадасының аясында колледж оқушылары арасында пікір-сайыс өтті.

Мақсаты: студенттердің қабілеті ашық білдіруге, өз ойын дамыту, сөйлеу мәдениетін, олардың дағдысы, қабілеті анық білдіруге, өз ойлары мен дәлелдер, ойлауды дамыту, зерттеу, білім, мәдениет.

Дебатқа екінші курс студенттері қатысты. Алдымен дебаттар тақырыбы беріліп, студенттер екі топқа бөлініп, жеребе тарту жұмыстары жүргізіліп, партияларға бөлініп, ойын шарттары түсіндірілді.

Ойын шарттары:

  1. Тақырыпты ашу (Үкімет)
  2. 1-спикер 4 мин,
  3. Оппозиция 5 мин 1 мин қарсы тұру, 4 мин өз тақырыбы туралы айту
  4. Сұрақ қойылған кезде төреші 30 сек-1 мин ішінде жауап беруге міндетті
  5. 5 мин оппозиция спикері, 5 мин үкімет спикері сөз сөйлейді
  6. Оппозиция спикері 5 мин
  7. Сараптама, қорытынды жасалады, дайындыққа 1 мин беріледі
  8. Егер екі команда бір-біріне сұрақтар қойса, қабылдау де, ауытқу да командалардың қалауы бойынша қалады. Сұрақ қою үшін 15 секунд және жауап беру үшін 30-45 секунд қажет.
  9. Қорытынды

 

Экономика бойынша семинарлар, ойындар

«Бизнес-старт» зияткерлік ойыны

Экономикалық пәндер оқытушылары «Бизнес-старт» интеллектуалды ойынын өткізді. Оған экономикалық мамандықтар мен менеджмент студенттері қатысты.

«Бизнес-старт» зияткерлік ойынының мақсаты білім алушылардың ұйымшылдығын, командалық жұмысын, шешендік қабілетін дамыту. Студенттер белсенді қатысып, әділқазылар алқасы экономика және қаржы сауаттылығы бойынша білімдерін бағалады

 


 

 

«Қалай табысты болу керек»

«Қалай табысты болу керек» атты сыныптан тыс іс-шара колледж қабырғасында өтті. Студенттермен кездесуге кәсіби бухгалтер-сарапшы Крыкпаева Оксана Семеновна қатысты, ол бухгалтер мамандығына өзінің Жеке жолы туралы өте қызықты және эмоционалды түрде айтып, ұйым қызметінде есепке алудың рөлін, есеп бойынша маманның кәсіби және жеке ерекшеліктерін - өз ісін білу, есепке алу мәселелеріндегі құзыреттілікті, бастамашылдықты, өзін-өзі тәртіпті, жауапкершілікті, дербестікті, коммуникабельдікті, өзін-өзі іске асыру мен креативтілікті, еңбек нарығында кәсіптің қажеттілігін атап өтті. Колледждің барлық білім алушылары мен оқытушыларына кәсіби бухгалтермен кездесу өте ұнады.

 

Семинарлар

1 желтоқсан «Президент күні»

1 желтоқсан «Президент күні»  күнін мерекелеу құрметіне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Мирас» колледжінде салтанатты жиын өтті, тақырыбы «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы». Жиында Қазақстан халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың дүниеге келген, білім алған және қызмет еткен өмірінің қызықты фактілері туралы айтылды. Іс-шараның мақсаты-студенттерге азаматтық, патриоттық сезімдерін ояту, Отанға, халыққа деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Иран орталығының төрағасы - Қапар-Пур Нұрысбек Құрбанұлы, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, профессор Әлімбек Болысбек, медиация, құқық және психологиялық қолдау орталығының төрағасы, заңгер-медиатор Оразқұлова Нұрбала Алтынқанқызы қатысты.


 

 

Адал ұрпақ - жарқын болашақ

«Мирас» колледжі мекемесінде «Адал ұрпақ - жарқын болашақ» клубымен Жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі С. Д. Арыстанова колледж білім алушыларымен еркін форматта ашық отырыс өткізді.

«Саналы ұрпақ» жобасының тиімділігін арттыру мақсатында «Түркістан-адалдық сквері» жобалау офисі аясында «Мирас» колледжі мекемесінде «Саналы ұрпақ-жарқын болашақтың кепілі»» тақырыбында флешмоб өткізілді.

Бүгін «Мирас» колледжінде «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында «Sanaly urpaq» жобасы жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен «Ұйым ішіндегі сыбайлас жемқорлықтың табиғаты және оның алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.

«Мирас» колледжінің студенттерімен «Парасыз» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және алдын алу, оның зияны туралы түсініктеме берілді.

Joomla Plugins

Жаңалықтар

01.07.2022 ж «Мирас» колледжі мекемесінде бітіруші білім алушыларға диплом табыстау рәсімі өтті.Салтанатты жиында түлектерге колледж директоры Абуева Нургуль Курбановна құттықтау сөздерін ...
Қазақстан халқы Ассамблеясының “Мәдениетті ұлт- мәдениетті ана” республикалық жоба аясындағы “ Ұлттық киім- ұрпаққа мұра” атты фестивальі өткізілді. Бұл іс-шарада “ Мирас” колледжі мекемесі шет ...
Мирас» колледжі мекемесінде 10 маусым күні «Үздік оқырман-2022» сайысы өтті. Колледж кітапханашысы Г.И.Торебекова жоспар бойынша жасалған жұмыстарына есеп берді. «Үздік оқырман-2022» сайысы 2 ...
2022 жыл 4 маусым күні «Мирас» колледжі мекемесінде Қазақстан Республикасының рәміздеріне  зо жылдығына орай «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық құндылық»  тақырыбында іс шара өтті. Мемлекеттік рәміздер- ...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  жаңа  кірген 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. «Балаларға ерекше назар аудару керек . Себебі олардың амандығы-мемлекетіміздің жарқын болашағының  сенімді ...
Ағымдағы жылдың  31 мамыры күні «Мирас» колледжінің білім алушы  жастарымен «Қасіретті  жылдар  құрбандары»  тақырыбында Қазақ халқының саяси  қуғын-сүргін, репрессияға ұшыраған Алаш зиялыларын еске ...
«WorldSkills Shymkent 2022» қалалық байқауы өз мәресіне жетті.Байқау білім алушыларға өз мүмкіндіктерін көрсетуге жол ашты. Мирас колледжі «WorldSkills Shymkent 2022» қалалық чемпионатын осындай ...
2022 жылдың 23 мамырында "Мирас" колледжінде "Шаштараз өнері" және "бастауыш білім беру"құзыреттіліктері бойынша WorldSkills Shymkent 2022 кәсіби шеберлік байқауы басталды.Біздің оқу орнымыздың ...