Дипломдарды тапсыру

2024

Дипломдарды тапсыру – бұл білім алушылардың  өміріндегі ең қызықты оқиғалардың бірі, ал ол енді-түлек. Бұл ұзақ жылдар бойы алған мамандықтарын іске асыру үшін, үлкен мүмкіндік және  ең жарқын салтанатты кеш.

03.07.2024 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде бітіруші түлектерге арналған диплом табыстау рәсімі өтілді. Салтанатты іс-шараны колледж директоры Абуева Нургуль Курбановна ашып, үздік үлгіде диплом алушы студенттерге диплом табыстады. Колледжімізден:

  • «Құқықтану»;
  • «Аударма ісі»;
  • «Шаштараз өнері және сәндік косметика;»
  • «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу»;
  • «Туризм»;
  • «Мектепке дейінгі тәрбие»;
  • «Менеджмент»;
  • «Бастауыш білім беру»;
  • «Есеп және аудит»;
  • «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер»;

Болашақ маман иелері оқуларын аяқтап, үлкен өмірге қадам басты.

Сіздерге колледж әкімшілігі сәт сапар, ақ жол, сапалы білім мен нәтиже тілейді.

 

2023

01.07.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде бітіруші түлектерге арналған диплом табыстау рәсімі өтті.

 

2022

01.07.2022 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде бітіруші түлектерге арналған диплом табыстау рәсімі өтті.

 

2020

Дипломдарды тапсыру - соңғы студент өміріндегі ең қызықты оқиғалардың бірі, ал ол енді-түлек. Бұл ұзақ жылдар бойы күткен ең жарқын және салтанатты кеш.

2020 жылдың 03 наурызында «Мирас» колледжінде үлкен ауқымда диплом тапсыру өтті! 0506000 – «Шаштараз өнері және сәндік косметика» және 1211000 – «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының түлектері ТК-171-1г, БК-161, БК-171-1г, ПИ-172-1г, ПИ-162 топтарының дипломдарымен марапатталды. Биыл салтанатты шара «AIDANA PLAZA» залында өтті.

Шымкентте диплом алған мамандар саны артып, колледждің 96 түлегі колледжді бітіргені туралы диплом алды.

Колледж әрдайым жоғары деңгейдегі керемет және есте қаларлық іс-шара ұйымдастырды. Кештің сценарийі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Шараға колледж әкімшілігі, бөлім меңгерушілері, оқытушылар, түлектердің ата-аналары қатысты. Салтанатты іс-шараны колледж директоры Н. К. Абуева құттықтау сөзімен бастады.

Педагогикалық ұжым студенттерге мансап құру үшін қажетті білім бере отырып, оқыту сапасын жақсарту бойынша үнемі жұмыс істейді. Сондықтан біздің колледж түлектері жұмысқа орналасу мәселесін бастан кешірмейді.

«Мирас» колледжінің қабылдау комиссиясы Ғани Иляев көшесі,3 мекен-жайы бойынша талапкерлерді күтеді.

 

Joomla Plugins

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 17 шілдедегі №602 Жарлығымен бекітілген 2024–2029 жылдарға арналған мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасына сәйкес, «Мирас» колледжі мекемесінде ...
2026 жылдың 15 сәуір күні бірінші курс білім алушыларымен маңызды кездесу өтті. Іс-шараға «Жастар Денсаулық Орталығының» терапевт дәрігері Ералиева Дина Калановна қатысып, студенттерге тақырып ...
2026 жылдың 15 ақпан күні бірінші курс білім алушыларымен маңызды әрі тағылымды кездесу өтті. Іс-шараға «Жастар Денсаулық Орталығының» психологы Бекмуратова Қ.У. және әлеуметтік қызметкер Отегенова ...
Бүгін "Мирас" колледжі мекемесінде әскери дала жиынының жабылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. Жиын барысында студенттер әскери дайындықтарын көрсетіп, тәртіп пен жауапкершіліктің үлгісін танытты. ...
«2026 жылғы 14 маусым күні «Мирас» колледжінде қызметкерлер арасында «Салауатты үзіліс» немесе «Денсаулық сағаты» атты спорттық іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Аталған іс-шара аясында колледж ...
«Салауатты колледж» жобасы аясында студенттер үшін тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Жастар ЖИТС-тің алдын алу орталығының педагог маманы Ибайдуллаева Д.А. жетекшілігімен «Сенім» орталығына экскурсия ...
«Мирас» колледжі мекемесінде Тұран ауданында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, суицидтің, қыздар арасындағы ерте жүктіліктің, адам саудасы, керегар діни ағымдар мен ...
"Мирас" колледжі" мекемесінде оқу-дала жиынының салтанатты ашылу іс-шарасы өткізілді. Бұл жиын – тәртіп пен жауапкершілікті шыңдап, білім мен тәжірибені ұштастыратын маңызды кезең. Студенттер үшін ...