Дәрігердің парақшасы

Негізгі функциялары мен міндеттері

Колледждің медициналық қызметкерлерінің негізгі міндеті колледж студенттерінің денсаулығын сақтау мен жақсартуға бағытталған емдеу-сауықтыру, алдын алу, санитарлық - эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады:

  1. Жарақаттар, уланулар, жіті аурулар, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде дәрігерге дейінгі және дәрігерлік алғашқы көмек;
  2. Профилактикалық, емдеу және сауықтыру іс-шараларын өткізу;
  3. 3 күнге дейінгі мерзімге студенттердің уақытша жұмысқа жарамсыздығы туралы анықтама беру;
  4. Колледж оқушыларының алдын алу тексерулерін ұйымдастыру;
  5. Колледж директорының бұйрығына сәйкес және белгіленген мерзімде студенттерді медициналық тексеруден өткізуді ұйымдастыру және бақылау;
  6. Иммунопрофилактика жүргізу;
  7. Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын қорғау бойынша жұмыс жүргізу;
  8. Дәрігер-мамандарға кеңес алуға жіберу;
  9. ЕПМ-де науқастар мен зардап шеккендерді тасымалдауды ұйымдастыру;
  10. Білім алушылармен және олардың ата-аналарымен санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу;
  11. Колледжде санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын бақылау.
licenz2

 

  • Профилактика гриппа

    16.10.2021 жылы  №13 емхана терапевті Д. Д. Джаймаганбетова және медбике Л.Дүйсенова қатысуымен колледж білім алушыларымен кездесу өтті. Тұмаудың және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекцияның алдын алу, тұмауға қарсы вакцинациялау, коронавирустық инфекцияның профилактикалық шараларын сақтау, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    Мақсаты: Ең бірінші байлық-денсаулық екенін ұғындыру, тәні саудың-жаны сау деген қағиданы еске ұстау. Өзін-өздері күтіп жүруге әр  адамның қарапайым санитарлық, гигиеналық ережелерді сақтауы. Ақпараттандыру жолымен алдын алу.

  • Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

    2021 жылдың 21 қаңтарында «Мирас» колледжі» мекемесі «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына сәйкес, 2020-2021 оқу жылының 1 курс білім алушылары үшін аралас оқыту форматында оқу процесін қамтамасыз етті.

  • “Қызды қырық үйден тыю” семинар-тренингі

    2021 жыл 2 ақпанында “Мирас” колледжі” мекемесі және Шымкент қаласы “Жастар денсаулығын сақтау орталығы” мекемесінің гинеколог маманы Ескараева Замира, психолог маман Сариева Фаридамен бірлесе отырып, колледж білім алушылары үшін “Қызды қырық үйден тыю” семинар-тренинг ZOOM платформасы арқылы өтті.

  • 1 желтоқсан - Дүниежүзілік АИТВ/ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай профилактикалық семинар

    2020 жылдың 30 қарашасында 1 желтоқсан - Дүниежүзілік АИТВ/ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай, «Мирас» колледжі» студенттері және қалалық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының маманы Назира Жургенбаевамен қашықтықтан онлайн форматта семинар өткізілді

  • «ЖИТС-ғасыр індеті» атты дәріс

    18.10.2019ж. колледждің 313 аудиториясында «ЖИТС - тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының» мамандары А.С.Ертаев, С.С.Оспановпен кездесу өтті.

  • «Ерте жүктіліктің алдын алу, қыздардың гигиенасы, жастарды отбасылық өмірге дайындау» тақырыбында әңгіме

    27.09.2019 ж. колледжде №13 емхананың акушер-гинекологы М.С.Муратова, психолог Ж.Б.Жақыпбекова және дәрігер-терапевт Д.Д.Джайманбетова бірінші курс студенттері қатысты.

  • «Көңіл көтерудің, суицидтің алдын-алу» тақырыбындағы дәріс

    23.12.2019 ж. колледжде №13 емхана психологтары Ж.Б.Жақыпбекова, К.У.Бекмуратова дәрігер-терапевт Д.Д.Джайманбетова және медбике Л.Дүйсеновамен кездесу өтті. Бірінші курс студенттері қатысты. Дәрістің мақсаты: санитарлық ағарту және студенттерге психикалық денсаулық туралы кеңес беру.

Жаңалықтар

Шымкент қаласында 2026 жылдың 8–12 маусымы аралығында жұмысшы және кәсіби мамандықтардың беделін арттыру, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту, сондай-ақ жас мамандардың кәсіби ...
Экология департаменті ұйымдастырған «Эколог сағаты» аясында "Мирас" колледжінің студенті Аширалиев Еркебұлан «Қоқысты сұрыптау арқылы экологияны сақтау» тақырыбында баяндама қорғады. Іс-шара ...
2026 жылғы 5 маусым – Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күні мен Эколог күніне орай Шымкент қалалық колледж студенттері арасында Қошқар ата өзенінің жағалауында «Эколог сағаты» республикалық акциясы ...
02.06.2026 жылы «Мирас» колледжінде студенттерге арналған «Отан қорғау – абыройлы міндет, ер азаматтың қасиетті борышы» атты тағылымды кездесу өтті. Кездесуге әскери сала мен ардагерлер қауымының ...
26.05.2025 күні Мирас колледжінде “Репродуктивті денсаулық, мерездің алдын алу, АИТВ инфекциясының алдын алу” тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында студенттерге мерез ...
22.05.2026 күні "Мирас" колледжінде тіл тасымалдаушы әрі ағылшын тілі оқытушысы mr. John мен "Victory day" атты тақырыбында "Сommunication club" өтті.
Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен жастар арасындағы суицид пен лудоманияның алдын алу бойынша жастармен кездесу колледжінде өтті. Кездесудің мақсаты – жастар арасында ...
«Үздік оқырман» сайысы. Тақырыбы: "Уақыт, адалдық ,тәрбие-табыстың үш тірегі". Мақсаты: Білім алушыларға адам бойындағы адалдық, әділдік сезімдерін ұғындыру. Білім алушыларға адамның алға қойған ...