Жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу

Мақсаттары: Білім алушылардың оқу үдерісінде дамуына, өзін-өзі жүзеге асыруына, әлеуметтенуіне, сондай-ақ физикалық, психологиялық және әлеуметтік денсаулығын сақтауға ықпал ететін жағдайларды қамтамасыз ету; Білім алушыларда өмірге оң бейімделуді қалыптастыру, оны адамның ата-аналармен, құрдастарымен, басқа адамдармен және қоршаған ортамен, сондай-ақ өз-өзімен саналы түрде салыстырмалы тұрақты қарым-қатынастар құру және дамыту үдерісі ретінде түсіндіру.

Міндеттері:

  • Жедел көмек пен қорғауды қажет ететін білім алушыларды анықтау және алғашқы шұғыл психологиялық көмекті көрсету;
  • Білім алушыларда әртүрлі мәселелерді ерте кезеңде анықтау мақсатында психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізу, олардың пайда болу себептерін айқындау және алдын алудың тиімді жолдарын іздестіру;
  • Оқу және қарым-қатынас барысында туындайтын қиындықтарды еңсеруге бағытталған білім алушыны жеке сүйемелдеуді әртүрлі нысандарда жүзеге асыру;
  • «Қауіп тобындағы» білім алушыларды анықтау және оларды жүйелі түрде сүйемелдеу;
  • Білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығының психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру, білім алушыларға, оқытушыларға және білім алушылардың заңды өкілдеріне оқу, әлеуметтік, эмоциялық-ерік салаларындағы мәселелер және ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастар бойынша ақпараттық қолдау көрсету;
  • Колледждің тәрбиелік-білім беру үдерісінде, сондай-ақ қиын өмірлік жағдай кезеңінде әртүрлі жас топтарындағы білім алушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету жүйесін құру;
  • Баланың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау және көмек көрсету мақсатында әртүрлі мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерді тарту;
  • Жеке тұлғаның өзіндік «Мен» бейнесін, оның бірегейлігі мен қайталанбас ерекшелігін, сондай-ақ өзге адамдардың да даралығын қалыптастыру;
  • Өзін-өзі өлтіруге нақты қауіп төндіретін жағдайларды уақтылы анықтау және жою;
  • Студенттердің белгілі бір контингенті арасында суицидтік үрдістерді ерте кезеңде анықтау.

 

Жаңалықтар

Шымкент қаласында 2026 жылдың 8–12 маусымы аралығында жұмысшы және кәсіби мамандықтардың беделін арттыру, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту, сондай-ақ жас мамандардың кәсіби ...
Экология департаменті ұйымдастырған «Эколог сағаты» аясында "Мирас" колледжінің студенті Аширалиев Еркебұлан «Қоқысты сұрыптау арқылы экологияны сақтау» тақырыбында баяндама қорғады. Іс-шара ...
2026 жылғы 5 маусым – Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күні мен Эколог күніне орай Шымкент қалалық колледж студенттері арасында Қошқар ата өзенінің жағалауында «Эколог сағаты» республикалық акциясы ...
02.06.2026 жылы «Мирас» колледжінде студенттерге арналған «Отан қорғау – абыройлы міндет, ер азаматтың қасиетті борышы» атты тағылымды кездесу өтті. Кездесуге әскери сала мен ардагерлер қауымының ...
26.05.2025 күні Мирас колледжінде “Репродуктивті денсаулық, мерездің алдын алу, АИТВ инфекциясының алдын алу” тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында студенттерге мерез ...
22.05.2026 күні "Мирас" колледжінде тіл тасымалдаушы әрі ағылшын тілі оқытушысы mr. John мен "Victory day" атты тақырыбында "Сommunication club" өтті.
Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен жастар арасындағы суицид пен лудоманияның алдын алу бойынша жастармен кездесу колледжінде өтті. Кездесудің мақсаты – жастар арасында ...
«Үздік оқырман» сайысы. Тақырыбы: "Уақыт, адалдық ,тәрбие-табыстың үш тірегі". Мақсаты: Білім алушыларға адам бойындағы адалдық, әділдік сезімдерін ұғындыру. Білім алушыларға адамның алға қойған ...