Жаңалықтар

Есірткісіз болашақ

22.06.2023жылы «Мирас» колледжі мекемесінде айлық жоспарға сәйкес медбике Жансая Сембековнаның ұйымдастыруымен «Есірткісіз болашақ» атты наркомания мен алкоголизмнің алдын алу шаралары жүргізілді. Колледж білім алушыларына арнайы дәріс тағайындап келген психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Баймуратова Раушан Асанова, №13 қалалық емхана терапевті Джаймагамбетова Дина Джетысовна, медбике Дуйсенова Лейла Сейтхановна болды.

Студенттік өзін-өзі басқару күні

25.05.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде студенттік парламенттің ұйымдастыруымен «өзін-өзі басқару күні» өтті. Яғни білім алушылар мұғалімдік өмірдің тыныс тіршілігімен танысып, бір күндік қызметтерін атқарып көрді. Жоспарға сәйкес Физика, қазақ тілі және әдебиет, химия, Қазақстан тарих т.б. секілді жалпы пәндерден сабақтар өткізілді.

«Мейірім-жүректен» «Мейірімділік-рухани жан байлығы»

19.05.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде кітапханашы Гүлшат Ибикеновнаның ұйымдастыруымен «Мейірім- жүректен»  айлық жоспары және «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы  аясында «Мейірімділік-рухани жан байлығы» атты кітап көрмесімен қатар әдеби кеш өткізді. Кештің негізгі мақсаты білім алушыларды көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, ойлау, сөйлеу шеберліктерін арттыру, студенттерді қайырымдылыққа, мейірімділікке тарту болатын. Осы ретте Гүлшат Ибикеновна жылдық қорытынды жасап, кітапханаға жиі келушіге  «Ең үздік оқырман» марапатын сыйлады.

«Оқуға құштар колледж»

«Мирас» колледжі мекемесінде «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы аясында жоспарға сәйкес кітапханашы Гүлшат Ибикеновнаның ұйымдастыруымен ақын, жазушы, Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Бекенұлы Жұмабаевқа арнап дөңгелек үстел жүргізілді. Мақсаты: Жалынды ақын Мағжан Жұмабаев мұрасын жас ұрпаққа таныту, олардың азаматтық ұстанымының, ұлттық ой - санасының қалыптасуына ықпал ету болатын. Білім алушыларымыз сабақтан тыс бұл шарадан көптеген мағлұматтар алып, ой бөлісіп, жаңа ақпараттарға қанық болды.

«Мейірім-жүректен» Прокурорлық сағат

16.05.2023 жылы Шымкент қаласының прокуратурасы қалалық білім басқармасымен бірлесіп  ұйымдастырған «Мейірім-жүректен» қалалық айлығының жоспарына сәйкес «Прокурорлық сағат» жүргізілді. Осыған сәйкес «Мирас» колледжі мекемесінің білім алушылары аталған құқықтық профилактикалық онлайн кездесуге қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың  құқықтық сауаттылықтарын арттыру болды.

«Мейірім-жүректен» акциясы

12.05.2023жылы «Мирас» колледжі мекемесінде «Мейірім-жүректен» акциясы аясында ұйымдастырлған «Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында 13-ші емхананың терапевт мамандары  Джаймагамбетова Дина Джетисовна мен медбике Лайла Сейтхановна Дуйсеновамен кездесу өтілді.  Кездесу барысында медбикелер студенттер арасында жақсы ахуал қалыптастырып, байланыс орнатты. Білім алушылар емін-еркін сұрақтарын қойып, жақсы көңіл-күйде қайтты.

Галстуксыз бір сағат» тақырыбында еркін форматта ардагерлермен кездесу

04.05.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде  «Мейірім-жүректе» акциясы аясында «Галстуксыз бір сағат» тақырыбында еркін форматта  ардагерлермен кездесу өткізілді.  Шара барысында білім алушылар  көкейлерінде жүрген сұрақтар қойып емін-еркін ардақты азаматтармен сұхбаттаса алды. Еліміздің бетке тұтар тұлғалары қонақта болып, өздерінің қызықты әрі тарихи оқиғаларын баян етіп берді. Студенттер ардагерлердің әңгімесінен жігерленіп қайтты.

7 мамыр-Отан қорғаушылар күні

04.05.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде 7 мамыр-Отан қорғаушылар күніне орай  мерекелік  концерт ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты білім алушыларды патриоттыққа баулу, ардақты ардагерлерімізді құрметтеу, тарихымызды ұмытпай болашаққа жарқын қадам басу  болатын.  Осы мақсатта колледжімізге Махаметов Мырзакадыр Абдукадырович, Айтимбетова Гаухар Әлішқызы, Жүнісбеков Нұрбек Нұсқабекұлы секілді Қазақстан Республикасының құрметті  азаматтары мен ардагерлерді шақырып, білім алушыларымызға  рухани күш жігер мен патриоттық рух  дарыта алдық. «Мирас» колледжі әкімшілігі барша Отан қорғаушыларды мерекелерімен құттықтай отыра, елімізге бақыт, береке, ұзақ ғұмыр тілейді.

«Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық диктант

Мирас колледжінде Қазақстан Республикасы Президенті Мемлекет басшысының электоралдық кезеңде берген жекелеген тапсырманы орындау мақсатында мамыр мерекелері мен "Жеңіс күні" қарсанында жасына қарамастан барлық білім алушылардың қатысуымен 2023 жылы 4 мамырда сағат 11:00-де «Еркін ел ұрпағы»  жалпыұлттық диктант алынды.

Біздің мақтаныштарымыз

28.04.2023жылы «Мирас» колледжі мекемесінде «Worldskills Shymkent-2023» байқауына қатысушы білім алушыларға және оқытушыларға үздіксіз еңбектері мен жемісі үшін марапаттау рәсімі өтілді. Колледж директоры мен құрылтайшының атынан арнайы сыйақы мен  сертификат, алғыс хаттар табысталды. Конкурс жеңімпаздарын құттықтай отыра, алдағы уақытқа табыс пен үлкен жетістіктер тілейміз!