2024 жылдың 5 қыркүйек күні «Мирас» колледжі мекемесінде білім алушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық, парасаттылық ұғымын насихаттау мақсатында тәрбиелік мәні бар біріңғай «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН – АДАЛ АЗАМАТ – ОЗЫҚ ОЙЛЫ ҰЛТ» және «ЗАҢДЫ БІЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ» тақырыбында адалдық сағаттары өткізілді. Мақсаты: Жастарға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру;Адалдық сағатты құқытану маманы Таубаева А.М мен колледж кітапханашысы Төребекова Г.И өткізді. Қазақстанның адал ұрпақтарын тәрбиелеуге байланысты өзекті мәселелер талқыланды. Білім алушылар сауалдарға жауап беріп, белсене қатысты.