Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев «Лудомания – бейбіт күнде елдің шырқын бұзып жатқан қатер. Соның кесірінен талай шаңырақ шайқалды. Талай азамат заң бұзып, қылмысқа ұрынды» деп атап өтті. Осыған орай, тақырыптың өзектілігін ескере отырып “Мирас” колледжі мекемесінің психологтары “Оқушылар арасындағы нашақорлық пен лудоманияға қарсы профилактикалық жұмыстар” тақырыбында студенттерге семинар өткізді.