2024 жылдың 11 қыркүйек күні “Мирас” колледжі мекемесінде “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен ҚР президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі халыққа жолдауын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында, Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі бойынша кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты – жастарға АЭС салудың маңыздылығы, оның экологиялық және экономикалық артықшылықтары жайлы ақпарат беру, сондай-ақ осы мәселе бойынша пікір алмасу болды.
Кездесу барысында АЭС-тің елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі мен оның қоршаған ортаға тигізетін әсерін түсіндірді. Олар атом энергиясын пайдаланудың көміртегі шығарындыларын азайтуға және энергетикалық тәуелсіздікті нығайтуға көмектесетінін атап өтті.