2024 жылдың 6 қыркүйек күні «Мирас» колледжі мекемесінде «Тіл-достықтың алтын көпірі» атты іс-шара өтті. Тіл, сөз дегеніміз - ата - бабамыздан келе жатқан ел дәстүрі. Бұл дипломатиялық құрал халықтың бүкіл сана - парасатын, биіктігі мен тереңдігін паш ететін үлкен өнер. Тіл - адамдар арасындағы қасиетті қатынас құралы.
Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, үш тілдік саясатын дамыту.