Жаңалықтар

Посвящение в студенты

2021 жылдың 17 қарашасында «Мирас» колледжі» мекемесінде «Студенттер қатарына қабылдау»  іс-шарасы өтті.

"Мирас" колледжі студенттеріне алдағы уақытта жеңістер тілейді, өз мақсаттарына қол жеткізіп, өз қызметінде кәсіби маман болыңдар!

Конкурс дефиле "Täuelsızdık Art"

Түркістан адами әлеуетті дамыту басқармасы және "Мирас"колледжі" мекемесінің ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Täuelsızdık Art"" дефиле байқауы өтті 2021 жылдың қараша айында өтті. Байқау нәтижесі бойынша:

Грант-при - "Мирас" колледжі

  1. орын - Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі.
  2. орын - Ерғали Сарманов атындағы Гуманитарлық агроэкономикалық колледжі.
  3. орын – Мұхтар Ауезов атындағы ОҚУ колледжі.

«Үздік топтама» номинациясы- Ескі Иқан ауылындағы «Кәсіптік оқудағы көпсалалы» колледжі.

«Сәнді топтама» номинациясы- Мақтарал аграрлық колледжі.

Барлық марапат иелерін шын жүректен құттықтап, әрі қарай, көп жеңістер тілейміз!

Профилактика правонарушений среди подростков

04.11.2021ж «Мирас» колледжі» мекемесінде жастар арасында «Қылмыс пен құқық бұзушылықтың, зорлық-омбылықтың, суицидтің, маскүнемдік пен нашақорлықтың, ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында семинар өтті. Семинарға "Шымкент қаласы ПД Абай ауданының полиция басқармасы" өкілдері қатысты.

Встреча с теологами

2021 жылдың 26 қазанында “Мирас” колледжі” мекемесінде тәрбие ісі жоспарына сәйкес,  "Діни экстремизмнің алдын алу және діни сергектік" тақырыбында кездесу өткізді.

 Кездесу қонақтары:

  • Шымкент қаласы бойынша «Ақ ниет – ақпараттық - насихаттау  және оңалту орталығы "ҚҚ аймақтық  өкілдігінің басшысы Оспанов Дәлелхан Қонырбайұлы
  • Жастар ресурстық орталығының маманы Қыпшақбаев Рауан Мухитулы.

Движение "ECO SANA"

23.10.2021 күні 6 апта бойы жалғасқан «БІЗ ТАЗА ҚАЛА ҮШІН» «ECO SANA» сенбілік қозғалысының қорытынды кезеңі өтті. «Мирас» колледжі мекемесінің «Еріктілер» ұйымы белсене қатысып, алғыс хатпен марапатталды.

Праздник «Золотая Осень»

2021 жылдың 28 қазан күні  "Мирас" колледжінде білім алушылар  арасында дәстүрлі  "Алтын күз" атты көрме өтті.

Негізгі мақсаттары:

  • зияткерлік шығармашылықты дамыту
  • шығармашылық белсенділікті дамыту
  • ұжымдық рухты дамыту

Іс-шара қорытындысы:

Күзгі табиғи материалдардан жасалған ерекше бұйымдар, маусымдық көкөністер мен жемістер себеттері, құрғақ жапырақтардан жасалған түрлі-түсті гүл шоқтары көрсетілді.

День Туризма

27 Қыркүйек халқаралық туризм күніне орай “Мирас” колледжі мекемесі “Туризм” пәнінің оқытушылары “Шымқала” тарихи мәдени-кешеніне экскурсия барысында білім алушылар Шымкенттің тарихымен және көне жәдігерлермен танысты.

День языков

20.09.2021ж. “Мирас” мекемесінде 2020-2021 оқу жылының жоспарына сәйкес  “Үш тұғырлы тіл-жарқын болашақтың кепілі” атты тілдер апталығы өз бастауын алды. Апталық жоспары бойынша онлайн және оффлайн форматта, ашық сабақтар, эссе байқауы, қабырға газеттері, дебат, интелектуалдық ойындар, кітап көрмесі өткізіледі.

День знаний

Мирас колледжі мекемесінде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиын барысында, Мирас колледжінің дәстүрі бойынша, 1 курс білім алушыларының арасында лотерея ойнатылды.

2021 жылға 21 сыйлық табысталды.

Лотореяның басты сыйлығын Қ-211 тобының білім алушысы Қалыбаев Жалғасбек жеңіп алды.

«10150100 Туризм» мамандығы

«10150100 Туризм» мамандығы бойынша біліктіліктер

4S10150104 Туризм саласының менеджері;

3W10150103 Туристтік агент;

3W10150102 Экскурсовод.

Туризм саласындағы менеджер-туризм және туристік ұйымды басқару саласындағы кәсіби қызметке дайындалған маман.