2021 жылдың 15 наурызында ”2021 жыл - Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер кітап оқуын қолдау жылы” аясында атқарылатын іс-шаралар негізінде, “Мирас” колледжі” мекемесінің білім алушылар арасында “Бүгін - кітап, ертең - мамандық” челленджі өтті.
2021 жылдың 15 наурызында ”2021 жыл - Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер кітап оқуын қолдау жылы” аясында атқарылатын іс-шаралар негізінде, “Мирас” колледжі” мекемесінің білім алушылар арасында “Бүгін - кітап, ертең - мамандық” челленджі өтті.
2021 жылдың 3 наурызында "Мирас" колледжі " мекемесінде 2020-2021 оқу жылына арналған ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес, «Туризм, Бейнелеу өнері, тігін өндірісі және шаштараз өнері бойынша» ПЦК апталығының жоспарына сәйкес арнайы пәндер оқытушысы Сейітхан Шынар Маратқызы елтану пәні бойынша зияткерлік ойын өткізді.
2021 жылдың 16 ақпанында “Мирас” колледжі” мекемесінде 0506000 “Шаштараз өнері және сәндік косметика” мамандығы бойынша білім алушылардың дипломдық жобаларды қорғауы қашықтықтан ZOOM платформасында өтті.
Білім алушылар мамандық бойынша алған білімдерін көрсете отырып, өндірістегі жұмыс тәжірибесін теориямен ұштастыра білді.
Қорғалған жұмыстар комиссия төрағасы мен мүшелері тарапынан жоғары бағаланды.
2021 жылдың 11 ақпанында "Қайырымдылық - игі іс" қайырымдылық акциясы аясында "Мирас "колледжі" мекемесінің құрылтайшысы Пи-202 тобының студенті Позднякова Аделинаға смартфон сыйлады.
Адамның ішкі әлемінде мейірімділік-бұл күн сәулесі.
2021 жылдың 5 ақпаны күні "Мирас" колледжі" мекемесінде 2020-2021 оқу оқу жылындағы әдістемелік кеңесінің жоспарына сәйкес кезекті әдістемелік кеңес өтті.
"Мирас" колледжі" мекемесінің 1-4 курс білім алушылары арасында "15 игі іс!" байқауы өткен болатын.
Байқаудың мақсаты-студенттердің өмір сүру сапасын арттыратын және ерікті (волонтерлік) қызметке тартылған студенттер санының өсуіне ықпал ететін ерікті (волонтерлік) бастамалардың тұрақты дамуы үшін жағдай жасау.
2020 жылдың 20-28 желтоқсан аралығында "Мирас" колледжі "мекемесінің 1-4 курс білім алушылары арасында қашықтықтан (онлайн) "Қысқы сиқыр" байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты-білім алушыларда берілген тақырыпта қолдан жасалған бұйымдарды орындау барысында шығармашылық белсенділікті және креативті ойлау қабілеттерін дамыту.
2020 жылыдң 7-15 желтоқсан аралығында «Мирас» колледжі» мекемесінің студенттері арасында “Менің тәуелсіз Қазақстаным!” тақырыбында сурет байқауы өткен болатын
2020 жылдың 29 қарашасында “Мирас” колледжінің 15 жылдық мерейтой бағдарламасы аясында "Бастауыш білім беру" мамандығы "Алдар-Көсе" қазақ халық ертегісін ұсынды
2020 жылдың 25 қарашасында «Мирас» колледжінің 15 жылдығына орай "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығының ұйымдастыруымен "2D ойындарын құрастыру" атты шебер сыныбы өткізілді.
Шебер сыныпта ойын Python бағдарламалау тілінде жасалды, pygame ойын жасау кітапханасы негізінде өткізілді.