Жаңалықтар

«Мен оқыған қызықты кітап» атты әңгімелесу, кітап көрмесі

19.01.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде  «Мен оқыған қызықты кітап» атты әңгмелесу, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің негізгі мақсаты білім алушыларды кітапты құрметтеуге, олардың білімділік танымын өмірмен байланыстыра отырып қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыруға баулу. Шара барысында  студенттер өздері оқыған кітаптарға шолу жасап, кітаптың қызықты сәттерін әсерлене айтты. Оның ішінде Қаратаева Сабина «Синбад-мореход» М.А.Салье араб тілінен аударылған кітапты, Құдайберген Алихан Д.Омаровтың «Абайтану» кітабын, Цыбульский Сайдали «Богатые тоже плачут» кітабын, Торехан Әсемай Ш.Айтматовтың «Ақ кеме» атты повесін  айтып, оқырманды өзіне тарта білді.

Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевқа арналған «Ғасыр адам» атты кітап көрме (2)

18.01.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесі «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы аясында кітапханашы Гүлшат Ибикеновнаның ұйымдастыруымен  «Ғасыр адам» тақырыбында қазақ елінің біртуар азаматы Д.А.Қонаев туралы кітап сөресі қойылып, соның ішінде белгілі жазушы  Рафаэл Ниязбектің «Көсем» деп аталатын тарихи романы алға тартылды. Ғұлама ғалым, академик, үш дүркін Еңбек Ері атанған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың  күреске толы өмір жолдары шынайы суреттелген еңбектер колледж білім алушыларына таныстырылды.

«Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың»

2022 жылдың 15 желтоқсанында «Мирас» колледжі мекемесінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың» атты мерекелік іс-шара өтілді. Педагогикалық-гуманитарлық бағыттың бөлім меңгеруші Джазибаева Жанат Сериковнаның басшылығымен іс-шара өз деңгейінде өтіліп, онда білім алушыларды патриоттыққа тәрбиелейтін ән-күйлер мен  ұлттық  би орындалды , әнұран айтылып, колледжіміздің директоры Абуева Нургуль Курбановна сөз сөйлеп, барша әріптестерді мерекемен құттықтай отыра, «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2022» республикалық кәсіби шеберлік чемпионатынан жүлделі 1-орын алған студентіміз Құралбай Көркемай мен жетекшісі Удовиченко Татьяна Геннадьевнаны жеңістерімен құттықтап, Құрылтайшының атынан 500 000 тенге сыйақы табыстады.

Республикалық «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2022»

«Мирас» колледжі мекемесі Республикалық «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2022» чемпионатына үш түрлі құзіреттілік бойынша қатысып, 20 өңірден келген бәсекелестерін басып, озып «Шаштараз ісі» бойынша жүлделі 1-ші орын иеленген Құралбай Көркемай Польша мемлекетінде өтетін Халықаралық «Worldskills-2023» чемпионатына жолдама алды. Жастарымызды жүзден жүйрік етіп, өндіріс алаңдарына бәсекеге қабілетті жастар әзірлеген оқытушымыз Удовиченко Татьяна Генадьевнаға алғысымыз көп.

«Біз бірге оқимыз» мәнерлеп оқу сайысы

09.12.2022 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде қазақ тілі және әдебиеті оқытушысы Женисгул Ерболқызының жетекшілігімен мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. Онда сайыс 3 кезеңнен тұрды, білім алушылар патриоттық тақырыпта жатқа өлең оқып, жаңылтпаш оқып, ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлерімізді еске түсіре білді. Осы тақырыптарда кітапханашы Гүлшат Ибикеновна кітап көрмесін қойып, білім алушыларды оқуға одан әрі қызықтыра түсті. Мұндағы мақсат жастарды бәсекеге қабілеттілікке үйрету, ұлттық дәстүрімізді дәріптеу, студенттерді оқуға тарту.

«Буккроссинг»

08.12.2022 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде Кітапханашы Гүлшат Ибикеновнаның жетекшілігімен «Буккроссинг» ұйымдастырылды, яғни білім алушылардың білімге деген құлшынысын арттыру, кітап оқуды насихаттау, бір-бірімен кітап алмасу үшін ашық кітап сөресі қойылды. Мұнда студенттер өз оқыған кітабын сөреге қойып, басқа кітап алып оқи алады, солай сөредегі кітаптар алмасып отырады.

VІІ «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN 2022» Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты

2022 жылдың 6 желтоқсанында басталған Астана қаласындағы VІІ «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN 2022» Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында өз шеберліктерін көрсетіп, колледжіміздің абыройын асқақтату үшін жолданған білім алушыларымыға сәттілік тілеп, жеңімпаз болуына қолдау білдіреміз.

«Қаржылық және интернет алаяқтықтың экономикалық және мүліктік қылмыстарға қатысты халықтың құқықтық сауаттылығын артыру»

28.11.2022 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде «AUEZOV JASTARY» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Қаржылық және интернет алаяқтықтың экономикалық және мүліктік қылмыстарға қатысты халықтың құқықтық сауаттылығын артыру» тақырыбында флаер таратып, кездесу өткізілді. Түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, білім алушылар өздеріне қажетті мәліметті ала алды.

«АИТВ/ЖИТС-ті алдын алу»

29.11.2022 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде Шымкеннт қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы» МКҚК-ның маманы Жургенбаева Назира, Жастар ресурстық орталығының аутрич NEET жастармен жұмыс бөлімінің инспекторы Қалмырзаева Акжарқын, Алип Арайлым, эпидемиолог-Елшибай Шоканның бірлестігімен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы 2022 жылғы «АИТВ/ЖИТС-ті алдын алу» тақырыбында іс-шара жүргізілді. Шара барысында  білім алушылар сұрақтарын қойып, жеткілікті мәлімет ала алды.

«Жемқорлық орға жығады» тақырыбында кітап көрмесі

21.11.2022 жылы «Мирас» колледжі кітапханасында Қ-201 тобының білім алушыларымен бірге «Жемқорлық орға жығады» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Құқық маманы Алтынай Мамадалиевна мен кітапханашы Гүлшат Ибикеновна білім алушылар арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуді түсіндіріп кетті. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық тақырыбын қозғайтын бірқатар сұрақтар қойылды, қатысшылар  өз пікірлерін білдіріп, сауалдарына толық жауап алды. Шарада сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор екендігі жайлы айтылды.