Толерантты дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыру бойынша жұмыс

ТОЛЕРАНТТЫ ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ КӨЗҚАРАСТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША ЖҰМЫС


 

  • «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында дискуссия

    13 қараша 2020 жыы сағат 10:00-де ZOOM платфомында онлайн режимінде «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында дискуссия  өткізілді. Онлайн кездесуге ИН-811р1а, ИН-811р1ф, ИН-811р1н  топтарының студенттері және шет тілдер секторының кейбір оқытушылары қатысты.

    Мақсаты: студенттерді ҚР ҚК сәйкес осындай қылмыстар үшін жаза түрлерімен таныстыру, студенттердің азаматтық жауапкершілігін арттыру.

    Онлайн кездесу барысында заңнамаға сәйкес Қазақстанда қылмыстың осы түрі үшін қандай жаза қолданылатыны туралы әңгіме жүргізілді. Терроризм мен экстремизмге анықтама берілді. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан қабылданып жатқан терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл шаралары қаралды.

  • «Экстремизм және терроризм: түсінігі, мәні, көрініс формасы» тақырыбында дәріс

    11.12.2020 жылы ІТ және телекоммуникациялар секторының магистр, аға оқытушысы Эрманова Д.Э. онлайн режимде РЭТ-811к1 тобының студенттеріне «Экстремизм және терроризм: түсінігі, мәні, көрініс формасы» тақырыбында дәріс оқыды.

    Мақсаты: Студенттерге экстремизм, терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру.         

    Онлайн дәріс  барысында топ тәлімгері тақырыпқа сәйкес презентация көрсетіп, баяндама жасады. Сондай – ақ, топ студенттері өз белсенділіктерін көрсете білді, атап айтқанда Сулейменова Жанэля Миятбековна, Бұхарбаев Мақсат Әзімханұлы, Мурзабай Нурдаулет, Сайткамалов Бекзат өз пікірлерін білдірді, өз ойынларын  ашық жеткізе алды.

  • «Қазақстандағы діни ахуал» тақырыбында дәріс

    05.11.2020ж. сағат 14.30 ZOOM платформасында т.ғ.к., ассоц.профессор Султанова В.И. «Қазақстандағы діни ахуал» тақырыбында дәріс оқыды. ИФ-911р1, ИН-911 р -1 (а,н,ф,) ПМ-911 р1, ПТ-911 р1 топтарының 2 курс студенттері қатысты. Кездесу барысында Султанова В.И.  Қазақстандағы діни ахуал туралы,  Қазақстанның зайырлы мемлекет болып табылатындығы, онда діни сенім рұқсат етілгендігі, бұл көпұлтты ел және барлық этностарға толерантты қарым-қатынас мәселесі маңызды екендігі айтылды. Сондай-ақ, Султанова В.И. исламдағы деструктивті ағымдар туралы, жастардың деструктивті ағымдарға қалай түспеу керектігі туралы сөз қозғады. Білім және ғылым министрлігі студенттердің қарауына ұсынған "«Западня» атты бейнефильм көрсетілді. Кездесу соңында студенттер бейнені талқылады.

  • «Діни сауаттылықты арттыру діни экстремизмнің алдын алудың маңызды факторы ретінде» тақырыбында дәріс

    18.09.2020 ж., Туризм және қонақжайлылықты басқару секторының аға оқытушысы, магистр А.Н. Байгушева ТР-911к-1 тобының студенттеріне арналған тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес «Діни сауаттылықты арттыру діни экстремизмнің алдын алудың маңызды факторы ретінде» тақырыбында дәріс» өткізді. Дәріс барысында топ тәлімгері А.Н. Байгушева студенттерге дін әрқашан біздің халқымыздың және бүкіл адамзаттың әлеуметтік және рухани санасы үшін маңызды рөл атқаратынын және дінді білмей біз өз тарихымыз туралы толық ақпарат ала алмаймыз туралы айтып өтті. Сенімнің негіздерін білмей, ойшылдарды, жазушыларды, суретшілерді және мемлекеттерді түсіну мүмкін емес. Себебі діни бейнелер барлық елдердің шығармашылық адамдарының ой-өрістерін қамтитыны туралы айты өтті.

  • «Қазақстанның діни ахуалы» тақырыбында дәріс

    21 қараша 2019 ж. 312 аудиторияда лектор университеттің т.ғ.к., ассоц. профессор Султанова В.И. «Қазақстанның діни ахуалы» тақырыбында 1 курс студенттеріне дәріс оқыды. Әңгіме барысында лектор діни саланы реттейтін заңнамаға қандай түзетулер қарастырылғанын және елімізде ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі сақтау үшін жасалып жатқан жұмыстар туралы айтты.

Жаңалықтар

08.12.2021 ж.сағат 11-00-де Шымкент қаласы Дін істері басқармасының теологының қатысуымен "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және дін тұрғысынан адалдық, парасаттылық қағидаттарын ...
22.11.2021 жыл «Мирас» университетінің көркем еңбек және дизайн секторының аға оқутышысы Атемов У. Т. 107-91,107-11 топтарына «Шебердің қолы ортақ»  тақырыбында шебер   сынып өткізді. Іс-шараның ...
24 қарашада "Мирас" университетінің базасында студенттердің Кәсіпкер және rabbit кибер-кафесінің негізін қалаушы Алиджон Алишеровичпен TED-x кездесуі өтті. Шақырылған қонақ студенттерге кәсіпкерлік ...
10.11.2021 жылы «Мирас» университетінің «Компьютерлік технологиялар және бағдарламалау» секторының оқытушысы Дәліхан Ж.О.  оффлайн режимде 111-01 тобымен  «Әлеуметтік желілердің жастардың санасына ...
2021 жылдың 15 қарашасында "Құқық және кеден ісі" бағытының бірінші курс студенттеріне, з.ғ. к., аға оқытушы Утаров К.А. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және алдын алу мақсатында ...
16.11.2021 жылы Алтаева М.О. магистр, аға оқытушы "азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты-басты басымдық "тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс 204 ауд. "Мирас" университетінің ғимаратында өтті. Іс-шара ...
2021 жылдың 16 қараша айында заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Утаров К.А. пен заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Имашев Б.Е. жоспарға сәйкес онлайн режимінде Мирас университеті «Құқық: ...
16.11. 2021 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Майра Есенбекқызы Калмурзаевамен "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексі" тақырыбындағы жаңа кодекске ...