13 қараша 2020 жыы сағат 10:00-де ZOOM платфомында онлайн режимінде «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында дискуссия өткізілді. Онлайн кездесуге ИН-811р1а, ИН-811р1ф, ИН-811р1н топтарының студенттері және шет тілдер секторының кейбір оқытушылары қатысты.
Мақсаты: студенттерді ҚР ҚК сәйкес осындай қылмыстар үшін жаза түрлерімен таныстыру, студенттердің азаматтық жауапкершілігін арттыру.
Онлайн кездесу барысында заңнамаға сәйкес Қазақстанда қылмыстың осы түрі үшін қандай жаза қолданылатыны туралы әңгіме жүргізілді. Терроризм мен экстремизмге анықтама берілді. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан қабылданып жатқан терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл шаралары қаралды.
Нәтижесі: студенттер осы қылмыстың ауырлығын түсініп, заңнамаға сәйкес Қазақстан аумағындағы террористер мен экстремистерге осы қылмысты жасағаны үшін қауіп төндіретін жаза түрлерімен танысты.
Қамтылуы: 30 адам