
2021 жылдың 16 қараша айында заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Утаров К.А. пен заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Имашев Б.Е. жоспарға сәйкес онлайн режимінде Мирас университеті «Құқық: Құқықтану және кеден ісі» мамандығының 2-курс студенттерінің арасында «Жастар арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар және олардың алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін, егемендігін алғаннан бері жастар саясатына аз көңіл бөлмегендігін байқауымызға болады.