«Діни экстремизмнің алдын алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

«Діни экстремизмнің алдын алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен «Діни экстремизмнің алдын алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аталмыш шараға Шымкент қаласы бойынша «Ақниет» ақпараттық  - насихаттау  және оңалту орталығы» ҚҚ аймақтық  өкілдігінің басшысы Файзулла Тайтелиев және  «Мирас»  университетінің  студенттері қатысты.

 

Теолог маман өз кезегінде студенттерге қазіргі әлемде болып жатқан соғыс, бүлік, түсініспеушілік, айыпталулардың негізгі себебі – білімсіздік екенін атап өтті. Өз тәжірибесінде қаншама жат ағымдардың жетегінде кеткен адамдармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында ол адамдардың діни сауатсыз екендігін жеткізді. Сондай–ақ ата-анаға құрмет көрсетудің маңыздылығы дінімізде де, салтымызда да жоғары екенін жастарға түсіндірді.

Сөз соңында студенттер теолог маманға көкейтесті сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Алдағы уақытта жастардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында бірлескен іс-шаралар өз жалғасын табатын болады.

 

Жаңалықтар

08.12.2021 ж.сағат 11-00-де Шымкент қаласы Дін істері басқармасының теологының қатысуымен "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және дін тұрғысынан адалдық, парасаттылық қағидаттарын ...
22.11.2021 жыл «Мирас» университетінің көркем еңбек және дизайн секторының аға оқутышысы Атемов У. Т. 107-91,107-11 топтарына «Шебердің қолы ортақ»  тақырыбында шебер   сынып өткізді. Іс-шараның ...
24 қарашада "Мирас" университетінің базасында студенттердің Кәсіпкер және rabbit кибер-кафесінің негізін қалаушы Алиджон Алишеровичпен TED-x кездесуі өтті. Шақырылған қонақ студенттерге кәсіпкерлік ...
10.11.2021 жылы «Мирас» университетінің «Компьютерлік технологиялар және бағдарламалау» секторының оқытушысы Дәліхан Ж.О.  оффлайн режимде 111-01 тобымен  «Әлеуметтік желілердің жастардың санасына ...
2021 жылдың 15 қарашасында "Құқық және кеден ісі" бағытының бірінші курс студенттеріне, з.ғ. к., аға оқытушы Утаров К.А. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және алдын алу мақсатында ...
16.11.2021 жылы Алтаева М.О. магистр, аға оқытушы "азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты-басты басымдық "тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс 204 ауд. "Мирас" университетінің ғимаратында өтті. Іс-шара ...
2021 жылдың 16 қараша айында заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Утаров К.А. пен заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Имашев Б.Е. жоспарға сәйкес онлайн режимінде Мирас университеті «Құқық: ...
16.11. 2021 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Майра Есенбекқызы Калмурзаевамен "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексі" тақырыбындағы жаңа кодекске ...